2021-2023 жылдары жас мамандармен атқарылған жұмыстар есебі » "Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Абай ауданы білім бөлімінің
"Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 9-17-45
Ұялы телефон:
+7 (705) 508-73-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2023 жылдары жас мамандармен атқарылған жұмыстар есебі
25
октябрь
2023

2021-2023 жылдары жас мамандармен атқарылған жұмыстар есебі

2021-2023 жылдары «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ-де жас мамандармен атқарылған жұмыстар есебі

Гимназияда жас мамандармен жұмыс және оларға әдістемелік көмек көрсету жүйелі жұмыс жасайды. Жетекшісі –Оразова А.Г.

Мақсаты: Педагогикалық шеберлікті арттыру және теориялық білімдерін жетілдіру сұрақтары бойынша мұғалімге практикалық көмек беру;жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу; әдістемелік көмек көрсету және жеке шығармашылық қызметін қалыптастыру; өзара сабаққа қатысу арқылы сабақ беру әдісін жетілдіру.

Тәлімгерлік еңбек тәжірибесі бар маман мен жас маман арасында жүретіндіктен, тәлімгерлік жұмысты ұйымдастырудағы мақсаты - жас маманның кәсіби шеберлігін қалыптастыра отырып,ізденімпаздыққа, іскерлікке дағдыландыру. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту формасы мен түрлерінің сабақ барысында қолданылуын қадағалау.

«ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ-не жас маман Сайлаубекова Алина Жарқынқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып 2021 жылы жұмысқа қабылданды. Осы уақыттан бастап тәлімгері болып Исайн Мейрамгүл тағайындалғандықтан, Алинамен бірлесе отырып, жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс атқарды.

Біліктілік санаты – педагог-модератор. «Ұлтымыздың ұлы  ұстазы –Ахмет Байтұрсынұлы» атты халықаралы  ғылыми-практикалық конференцияда «Ахмет Байтұрсынов –қазақ тілтану ғылымының атасы» тақырыбында баяндама жасағаны үшін сертификат; Мұғалімдер күніне арналған «Ашық есік күні» салтанатты іс-шарасы шеңберінде мастер-класс пен тренингтердің жұмысына белсенді қатысқандығын растайтын сертификат; Қапшағай қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2021 жылдың 17-19 қарашасы аралығында өткен «Ұлттық  құндылықтардың бастауы – тіл мен тарих» атты республикалық семинар-практикум жұмысында өзінің іс-тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс хат, жас  педагогтардың шығармашылық потенциалын жоғарылату мақсатында өткен «Талантты ұстазға –дарынды шәкірттер» республикалық байқауының аудандық кезеңінде ІІ орын иеленді.


«ЖББ Қарауыл гимназиясы»КММ-не жас маман Бауыржанқызы   Диана химия пәнінің мұғалімі болып 2021 жылы жұмысқа қабылданды. Тәлімгері болып Жұманбаева  Мадина тағайындалды.

ШҚО ББ дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы ұйымдастыруымен С.Аманжолов атындағы университет базасында өткен химия және биология пәндерінен І аймақтық Ж.Күшіков атындағы олимпиадада 11-сынып оқушысы Бейбітқызы Айым ІІІ дәрежелі диплом және 30000 тг арнайы сертификатпен марапатталды.

2023-2024 оқу жылында бастауыш сынып мұғалімі Атанбекова  Зере Оралбекқызы жұмысқа қабылданды. Тәлімгері - Жапалова Марал.