Кітапхана » "Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Абай ауданы білім бөлімінің
"Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 9-17-45
Ұялы телефон:
+7 (705) 508-73-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
октябрь
2023

Кітапхана

             «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ кітапханасы осы мекеменің оқу процесін оқулықтармен және ақпаратпен қамтамасыз ететін маңызды құрылымдық бөлімшесі.

Мектеп  кітапханасы өз жұмысын ұйымдастыруда  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша қағидаларды бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қаңтардағы   №44 бұйрығын және осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 13 мамырдағы № 211 бұйрығын; «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың,мектепке дейінгі ұйымдарға,орта білім беру ұйымдарына арналған оқу әдістемелік кешендердің, оның ішіндегі электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрықтарын басшылыққа алады.

Мектеп кітапханасы  оқу мәдениетінің мәртебесін,оқу белсенділігі мен оқу сапасын арттыру, оқырмандардың мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту,  жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында сапалы қызмет етуге күш салады.

Мектеп кітапханасы әр түрлі шаралар жүргізу арқылы оқырманның оқуға қызығушылықтарын оятып,кітап оқуға тарту,оқушыға терең ой мен сапалы білімге жетуде кітаптың алатын орнын түсіндіру, кітап оқу арқылы өз ойын еркін жеткізуге және әдеби сөйлеу қабілеттерін жақсартуға ықпал етуге міндеттенеді.

Білім сапасының жаңа жетістіктеріне қол жеткізетін маңызды ақпараттық ресурстар орталығы ретінде мектеп кітапханасы педагогикалық ұжым мен оқушыларды оқу үрдісіне қажетті оқулықтармен қаматамасыз етіп,мектеп бағдарламасына қосымша және бағдарламадан тыс ақпараттармен хабарландырып отырады.

Мектеп кітапханасының негізгі міндеттері:

  • Оқырмандарға қызмет көрсету сапасы мен жеделдігін арттыру;
  • Кітаптарды дәріптеудің жаңа нысандарын енгізу;
  • Кітапхана қорын жинақтау;
  • Білім алушылардың ақпараттық мәдениетін тәрбиелеу, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың бойына кітапты, кітапхананы, ақпараттық ресурстарды шебер қолдану дағдыларын сіңіру;
  • Кітапқа деген ұқыпты көзқарасты тәрбиелеу.

      Кітапхана мектептің екінші ғимаратында орналасқан. Ауданы 20 шаршы метр. Абонемент пен оқу залы бірге, 8 орынға есептелген.

 2023-2024 оқу жылының басындағы кітапхана жұмысының көрсеткіштері:кітапханадағы оқырмандар саны -263 адам, келушілер саны -  2367 , кітаптың берілу саны   - 4734

Кітапхана жұмысының салыстырмалы көрсеткішін  төмендегі кестеден көруге болады.


Оқу жылдары

Кітап қоры

Оқырмандар саны

Келушілер саны

Кітаптың берілу саны

2023-2024

8517

263

2367

4734

2022-2023

8218

274

2466

4932

2021-2022

9414

268

2412

4824

2020-2021

9539

274

2466

4932


Кітапхана қоры бойынша көрсеткіші:


Оқу жылдары

Негізгі қор

Оқулық  қоры

Электронды оқулық

Жалпы қор

2023-2024

1785

 6680

52

8517

2022-2023

1785

 6369

64

8218

2021-2022

1785

7560

69

9414

2020-2021

1785

7671

83

9539



Кітапхана жұмысының салыстырмалы көрсеткіші:



Кітапхана қоры бойынша көрсеткіші:



         Қормен жұмыс кезінде есепке алуды қамтамасыз ету үшін кітапханада төмендегі құжаттамалар уақытында жүргізіледі:

-  Негізгі қорды жиынтық есепке алу кітабы;

-  Оқулықтар қорын жиынтық есепке алу кітабы;

-  Негізгі қордың мүлік кітабы;

-  Оқулықтар қорының түгендеу кітабы;

-  Әдебиеттердің жеткізілгені туралы құжаттар (накладнойлар);

-  Негізгі қор мен оқулықтардың қозғалыс актілері (есептен шығару);

-  Мүлік кітабына жазылуға жатпайтын басылымдардың есебі дәптері;

-  Оқулықтарды алмастыру есебінің дәптері;

-  Сыныптар бойынша оқулықтар беру журналы;

-  Мектеп кітапханасының жұмыс күнделігі;

-  Библиографиялық анықтамаларды есепке алу журналы.

                        Кітапхананың нормативтік регламенттік құжаттары бар:

-  Мектеп кітапханасы туралы Ереже;

-  Мектеп кітапханасын пайдалану қағидалары;

-  Мектеп кітапханасының төлқұжаты

-  Мектеп кітапханасының жылдық жұмыс жоспары;

-  Мектеп кітапханасының жұмысы туралы жылдық есеп;

-  Мектеп кітапханасы қызметкерінің лауазымдық нұсқаулығы

      Кітапхана жұмысын кітапхана меңгерушісі Жуматаева Гульнар Байгабыловна ұйымдастырады.Кітапхана меңгерушісі білім беру, ақпарат пен мәдениет орталығы ретіндегі мектеп кітапханасының жұмысын негізгі даму бағыттарына сәйкес ұйымдастырып отырады.Оқу тәрбие үдерісін, басшылықтың,педагогика ұжымының және оқушылардың өздігінен білім алуын кітапхана және ақпараттық библиографиялық қызмет көрсету құралдарымен қамтамасыз етеді.Оқырмандарда тәуелсіз кітапхана пайдаланушысының дағдыларын қалыптастыру: кітапты және басқа да ақпарат көздерін пайдалануға,ақпаратты таңдау мен іздестіруге үйретеді.Кітапхана меңгерушісі мектеп кітапханасы туралы Ережеге сәйкес кітапхананың негізгі қызметі мен міндеттерін ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге және өз құзіреті шегінде кітапхана қызметі үшін жауап береді. Кітапхананың ұйымдастыру реттеуші және технологиялық құжаттамаларын мектептің жылдық оқу тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес әзірлейді.Кітапханалық есеп құжаттамаларының дұрыс жүргізілуіне жауап береді.Кітапхана жұмысында кітап қорын насихаттау,оқырмандарды оқуға тарту мақсатында жоспарға сай даталы күндерге,ақын жазушылардың туған күндеріне орай кітап көрмелерін,библиографиялық шолуларды, кітаптарды талқылауды,әдеби кештерді ұйымдастырып отырады.Жасалған жұмыстары мектептің Instagram желісінде жарияланып тұрады.

          2020 жылдан Қазақстан мектептерінде өскелең ұрпақ арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған “Оқуға құштар мектеп,оқуға құштар ұлт ” жобасы бастау алды .

Жоба аясында кітапхана іші заманға сай жабдықталып, жаңартылды. Осыған орай оқудың жарқын дәстүрлерін жаңғырту, оқушылардың оқу мәдениеті мен оқу белсенділігінің деңгейін арттыру, қорды көркем әдебиетпен толықтыру бағытында іс шара жоспары жасалып,   жұмыстар атқарылуда. 







               2020-2021 оқу жылында кітапханада Жазушы,Кеңес Одағының батыры,Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,әскери қолбасшы  Б.Момышұлының туғанына 110 жыл (1910-1982) толуына орай   «Дана да дара тұлға» атты кітап көрмесі жасалып, оқырмандарға бейнеролик түрінде көрсетілді.Мақсаты:оқушыларға жазушы әрі әскери қолбасшы Б.Момышұлы туралы мәлімет беру, жазушы шығармаларын дәріптеу,сөз асылын түсіне білуге баулу, патриоттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу,оқу сауаттылығын арттыру

https://www.instagram.com/tv/CJJb698AcpJ/?igshid=wjtsur98zbg

«Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасы шеңберінде кітапханада «Мектепке кітап сыйла» атты қайырымдылық акциясы  ұйымдастырылып, 2021 жылдың  5 қаңтарында ашық есік күні өтті.Акцияға гимназияның аға буын ұстаздарынан бастап, оқушылар және ата- аналар өз үлестерін қосты. Акция барысында  әзірге 100-ге жуық кітап сыйға келді. 

        Кітапханада сыйға тартылған кітаптардан «Кел,бірге оқиық!» атты кітаптар көрмесі жасалды.Акцияның мақсаты: кітап оқу мәртебесін, белсенділігін арттыру, өскелең ұрпақтың бойында жоғары азаматтық және рухани адамгершілік бағдарларды қалыптастыру, қазіргі технология дәуірінде кітаптың өзекті болып қала беретінін, кітапхана қорын толықтыруда өз құндылығын жоғалтпайтындығын көрсету.

https://www.instagram.com/p/CJnrDIRAUed/? Igshid=1m3yhqsmj

Жоба аясында «Кітапқа екінші өмір сыйла»,«Буккроссинг» кітап алмасу бұрышы ұйымдастырылды. Қатысушыларға буккроссинг жөнінде түсінік берілді.Олар «өзің оқысаң,өзгеге табыс ет» қағидасын ұстанып, өздерінің оқыған кітаптарын  буккроссинг бұрышына тарту етті. Кітап – біздің асып таспайтын  асыл досымыз. Жаппай кітап оқу  азайып кеткен қазіргі заманда  «буккроссинг» акциясы  кітап    пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы. Адамды адамзатқа айналдырған кітап атты ұлы құдіреттің асыл қасиетін бағалауда буккроссингтің көмектесері сөзсіз.Шараның мақсаты: оқырмандардың оқуға деген қызығушылықтарын,оқу сауаттылығын арттыру,жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту, рухани мәдениетін көтеру.

https://www.instagram.com/tv/CJshMPgA6Re/?igshid=6tp2bvp8gjd7

         1-сынып оқушыларын оқырман қатарына тарту мақсатында «Кітапханаға саяхат» сабағы өтті. Сабаққа  1- сынып оқушылары сынып жетекшісі Әділбек Үміткүл мұғаліммен бірге қатысты. Бүлдіршіндерге «Жарты ғасырдың алтын қоры» жинағынан алынған Сафуан Шаймерденовтың «Оқығанның көзі ашық» атты шығармасы оқылып, балалар кітап оқудың пайдасы туралы өз ойларымен бөлісті,кітапхана,кітап оқу ережелерімен танысып, мағлұматтар алды. Кішкентай оқырман қатарына қосылған  1«а»- сыныбының оқушысы Бейсенбекова Айнель «Мектепке кітап сыйла» акциясына өзінің үйдегі кітап қорынан алып келген  «Тәтті ботқа»,«Құстұмсық патша»,«Шақпақ тас» атты «Ертегілер елінде» топтамасының және М.Әуезовтың шығармалар жинағы мен Ғ.Матаевтың «Абай ауылының ақиықтары» атты   кітаптарын кітапханаға сыйға тартты.

           «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасын іске асыру аясында ШҚО білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасымен бірлескен 6-8 сынып оқушыларына арналған «Оқы және жеңіске жет» облыстық конкурсына гимназиядан 8 оқушы қатысып,7- сыныптан Қасымова Жанар мен Қайсаханова Ажар абсалюттік жеңімпаз атанса,7-сыныптан  Назымқызы Айзада мен Сейтқазиева Жансая  және   6- сыныптан Оралханова Дианалар 1 орынды,8-сыныптан  Қуанышбекова Гүлнұр  2- орынды иеленіп,марапаттарға ие болды.

          Артына айрықша өшпейтін із қалдырған ақын,журналист, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының және «Ғасыр ақыны» атағының иегері М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл (1931-1976) толуына орай  «Ғасыр ақыны» М.Мақатаев 90 жаста» атты кітап көрмесі жасалып, 6-сынып оқушыларының қатысуымен әдеби батл өтті.Оқушылар ақын жайлы деректер тыңдап, өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармашылығымен танысты.

https://www.instagram.com/tv/CLDsue4FkTt/?igshid=y0dm12i2jce2

       «Жыл басы -Наурыз» мерекесі аясында өткен онкүндікте 16-наурыз Шежіре күніне орай  гимназия кітапханасында «Қарға тамырлы қазақ» атты танымдық тәрбие сағаты өтті. Оқырмандарға шежіре жөнінде мағлұмат беріліп, қаламгер әрі этнограф Сейіт Кенжеахметұлының «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» атты жинағының «Туыстық атау сырлары» атты бөліміне шолу жасалды.Танымдық сағаттың мақсаты: тегін танитын, ата-ананың өсиет-аманатына адал болып, жақсы дағды, дәстүрін жалғастыруға пейілді азамат 

тәрбиелеу. https://www.instagram.com/p/CMez6nzgsSe/?igshid=9zgtpwboo428

Көктемгі каникул кезінде оқушылар арасында «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «Ертегі оқисыз ба?», «Мен оқыған кітап», «Отбасында кітап оқу», «Кітап білім бұлағы»тақырыптарында онлайн іс- шара өтті. Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға тарту, оқу сауаттылығын дамыту. 

https://www.instagram.com/p/CNDJzB2A1Sp/?igshid=15w67sqwxv4ud

https://www.instagram.com/p/CNAJOXngSE2/?igshid=1jsk4qmfydzzr

https://www.instagram.com/tv/CM_XgaqAqvk/?igshid=sx2ejjv0054

https://www.instagram.com/p/CM9q8DIA29i/?igshid=67g34ubboxiw

       Кітаптар мерекесіне орай  «Кітап - ғасыр мұрасы» атты кітап көрмесі, «Кітап білім бұлағы» атты кітапханалық сабақ өтті. Мақсаты: оқушыларды кітаптың шығу тарихымен таныстыру және кітап оқуға тарту. 

https://www.instagram.com/p/COAUzfjAWfU/?igshid=uirg7f8gzkn8

      «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы «Біріңғай оқырмандар қауымдастығын қалыптастыру үшін ата- аналармен жұмысты ұйымдастыру» бөлімі бойынша  және  15 мамыр – Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасымен бірге оқимыз» тақырыбында (онлайн) сауаттылық сағаты өтті. Шараға 4-сынып оқушылары ата -аналарымен қатысты. Шараның мақсаты: Отбасылық оқу дәстүрін дамыту, бала мен ата- ананы бірлесіп кітап оқуға тарту. https://www.instagram.com/tv/CJ0BqAVg9jy/?igshid=g34kry1483a0



 2021-2022 оқу жылында  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында және  Отбасы күні мерекесіне орай  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған «Үздік оқырман отбасы» атты облыстық байқаудың аудандық кезеңіне гимназиядан  5-7 сыныптар аралығында   7-сынып оқушысы Оралханова Диана  және1-4 сыныптар аралығында 3-cынып оқушысы Серікұлы Нұрәлі отбасымен қатысып, Оралхановтар отбасы І орын, Серікұлылар отбасы ІІІ орын иеленді.

https://www.instagram.com/tv/CTvvwVqq31D/?utm_=share_sheet

        Заңғар жазушы М.Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай кітапханада жазушының шығармаларынан кітап көрмесі жасалып, 8-сынып оқушыларымен шығармаларын дауыстап оқу сағаттары ұйымдастырылды Мақсаты: дауыстап оқу арқылы  сөйлеу мәдениетін дамыту, ойды тез әрі дәл айту дағдысын игеруге мүмкіндік беру, сөздік қорын арттыруға, жақсы дикцияны, интонацияны, дұрыс сөйлеуді қалыптастыру

https://www.instagram.com/p/CZrX7fPAmPm/?igshid=YmMyMTA2V2Y=

https://www.instagram.com/p/Cao6Q2KgyB7/?igshid=YmMyMTA2V2Y=

       «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру шеңберінде 2021 жылдың 17 қыркүйегінде 6-8 сынып оқушылары арасында ІІ облыстық «Оқы және жеңіске жет» байқауын өткізген болатын.Байқау нәтижесінде гимназияның 8 сынып оқушысы Қайсаханова Ажар ІІІ орын иеленді. https://www.instagram.com/p/CUfmnofKdGj/?utm_= copy_link

        2021 жылдың  28 қазан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткен «Туған елің - Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық байқауының аудандық кезеңіне  6 «а»-сынып оқушысы Кенжебекқызы Жанел, 6 «ә»-сынып оқушысы Медғатов Елнұр,  7-сынып оқушысы Оралханова Диана қатысып,  1- орын иеленген Диана облыстық кезеңге жолдама алған болатын.Ол  5-7 сынып оқушылары арасында өткен республикалық байқаудың облыстық кезеңінен ІІІ орын иегері атанып, дипломмен марапатталды.      

                         https://www.instagram.com/p/CVngpbhKOTU/?utm_= copy_link

                         https://www.instagram.com/p/CYDRzz-qcrP/?igshid=YmMyMTA2V2Y=

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2 желтоқсанда  Абай ауданы   білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Жүзден жүйрік жас оқырман -2021»  байқауында 1-4 сыныптар бойынша «Мозаика» командасы ІІІ дәрежелі Диплом мен 20000 теңге сертификат игері атанса,  5-8 сынып оқушылары бойынша «Шамшырақ» тобы алғыс хатпен марапатталды.    Мақсаты:мектеп оқушылары арасында оқу сауаттылығын арттыру, мәдени және оқылымдылық құзіреттілігін, жоғары азаматтық және рухани адамгершілік бағыттарын жетілдіру.https://www.instagram.com/p/CCXA0Aw2aUX/?utm_= copy_link

14 ақпан -1 наурыз аралығында кітапханада «Кітап сыйлау- игі іс» атты ашық есік күні өтті. Шара кітап оқуды жақсы көретіндер үшін қажетті әдебиеттермен қорды толықтыруға бағытталған. Кітаптарды кітапхана қорына тегін беретін оқырмандар бұл - азаматтық ұстанымы жоғары, қоғам алдындағы парызы ерекше, сыйға берген кітаптарының өз оқырманын табатынын жақсы түсінетін адамдар. Шараға гимназия ұстаздары мен оқушылар өз үлестерін қосты,қатысушылар мерекенің шығу тарихымен танысып, мағлұматтар алды.

https://www.instagram.com/p/CZ05RdrqMHp/?igshid=YmMyMTA2V2Y=

https://www.instagram.com/p/CZ05TGvqR-A/?igshid=YmMyMTA2V2Y=

https://www.instagram.com/p/CZ-8mIrqYyu/?igshid=YmMyMTA2V2Y=

        2 наурыз - Дүниежүзілік дауыстап оқу күніне орай гимназияда «Біз дауыстап оқимыз», «Біз бірге оқимыз» атты дауыстап оқу акциясы ұйымдастырылып, сыныптарда дауыстап оқу сағаттары өтті. Оқушылар өздерінің оқыған кітаптарынан бір - біріне үзінділер оқып берді. Мақсаты: дауыстап оқу арқылы  сөйлеу мәдениетін дамыту, ойды тез әрі дәл айту дағдысын игеруге мүмкіндік беру, сөздік қорын арттыруға, жақсы дикцияны, интонацияны, дұрыс сөйлеуді қалыптастыру

         МАД тобының ата - аналары бүлдіршіндерге ертегілер әлемінен шашу шашты.

Мақсаты: балалар мен үлкендер арасында жылы қарым - қатынас орнатуға, моральдық құндылықтарға тәрбиелеуге ықпал жасау

https://www.instagram.com/p/Cakn51oqUPQ/?igshid=YmMyMTA2V2Y=

https://www.instagram.com/p/CamCPwPODFI/?igshid=YmMyMTA2V2Y=

https://www.instagram.com/p/Cao2odxgxIb/?igshid=YmMyMTA2V2Y=

       Бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап - асыл қазына» атты кітапханалық сабақ өтті. Оқушылар кітап туралы көптеген мағлұматтар алды. «Балалар - біздің болашағымыз», «Кітап -ғасыр мұрасы» атты кітап көрмелерінде тұрған кітаптармен танысты.

https://www.instaqram.com/p/Cb6xJOEMzzk/?utm_=share_link


2022-2023 оқу жылында қазақ әдебиетінің классигі, қазақ халқының сөз өнерінің, көркем прозасының асқар шыңы, жазушы-драматург, әдебиет зерттеушісі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына  125 жыл толуына орай   гимназия кітапханасында ғұлама ғалымның шығармашылығына арналған "Ұлы даланың ұлы қаламгері" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды және әдеби кеш өтті. Кешке қатысқан 3 «а» - сынып оқушылары заңғар жазушының өмірі мен еңбегі жайлы мәліметтер тыңдап, көрмеде тұрған шығармаларымен танысты. Ақын-жазушылардың М.Әуезов  жайлы айтқан айшықты ойларын жатқа айтып, жазушының балаларға арналған «Көксерек» шығармасынан үзінділер оқып, өз ой - пікірлерімен бөлісті.Мақсаты: Жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы насихаттау;оқырман белсенділігін арттыру үшін кітап оқуға тарту. https://www.instagram.com/reel/CjAldHyj_wb/?igshid=MDJmNzVkMjY=

https://www.instagram.com/p/CjAmIH1jEZw/?igshid=MDJmNzVkMjY=

         Қазақтың «Шерағасы» атанған белгілі халық жазушысы, ұлт жанашыры, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, журналист Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай «Алдаспандай жарқылдаған сайыпқыран» атты кітап көрмесі жасалды.Мақсаты: оқушыларға жазушының өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау,оқырмандардың оқу белсенділігін арттыру.    https://www.instagram.com/reel/CjagYEZqg8N/?igshid=MDJmNzVkMjY=

        25 қазан Республика күніне орай «Елім менің тірегім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар «Республикам менің» челенджіне қатысып, Отан, туған жер туралы өлеңдер мәнерлеп оқыды.Челенджге қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды.Мақсаты: оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды ел азаматы етіп тәрбиелеу

https://www.instagram.com/p/CkBFmxtqwvR/?igshid=MDJmNzVkMjY

https://www.instagram.com/reel/Cj7ZvExqGd2/?igshid=MDJmNzVkMjY=

https://www.instagram.com/reel/Cj7ZhqPKrPS/?igshid=MDJmNzVkMjY=

https://www.instagram.com/reel/Cj7WsEpqduj/?igshid=MDJmNzVkMjY=

         Кітапханада «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жасалған «Коворкинг» және «Буккроссинг» бұрыштары 2020жылдан бастап жұмыс жасайды. Үзіліс кезінде оқырмандар «коворкинг» бұрышында  балаларға арналған басылымдарды алып парақтайды, оқиды. «Буккроссинг» бұрышында «Оқып  болсаң өзгеге ұсын! «Мен оқыдым, сен де оқы!» ережелерін ұстанып, өздерінің оқыған кітаптарымен алмасып, бір бірімен пікір бөліседі.

         "Бір ел - бір кітап" акциясы бойынша Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын насихаттау мақсатында "Ұлттың ұлы ұстазы" атты кітап көрмесі жасалды. Көрмеге ұлт ұстазының шығармалары, айшықты ойлары және ұлы тұлғалардың ұстаз туралы айтылған пікірлері қойылып, балаларға таныстырылды.

         Мақсаты: оқушыларға ұлт ұстазының шығармаларын насихаттау, кітап оқуға тарту, оқу мәдениетін арттыру

https://www.instagram.com/reel/Cl5lpwXKAEO/?igshid=MDJmNzVkMjY=

        «Қысқы демалысым кітаппен қызықты» атты шара ұйымдастырылды. Шараға гимназияның  бастауыш сынып оқушылары  белсене қатысты.Олар демалыс күндерінде кітап оқып, уақыттарын тиімді пайдаланды. 2-сынып оқушылары ертегілерді дауыстап оқып, өздері ұнатқан кейіпкерлерді қағаз бетіне әдемі сомдады.1"а"-сынып оқушылары демалыс күндерінде кітаптар әлеміне үңіліп,ішіндегі қызықты сюжеттерден сурет салып, естелік фотосуретке түсті.4-сынып оқушылары да «Жиренше шешен аңыздарын» дауыстап оқып, әдемі бейнероликтер жасады.  Шараның мақсаты: демалыс кезінде уақытты тиімді пайдалану, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын дамыту, оқу мәдениетін арттыру,шығармашылық жұмыстарға баулу

https://www.instagram.com/p/CnFcc7vKeRn/?igshid=MDJmNzVkMjY=

          Көктемгі демалыс кезінде  гимназияның мектеп алды даярлық тобының балдырғандары «Әпкем оқып береді» айдарымен әпкелерімен бірге кітап оқып, бос уақыттарын тиімді өткізді. Мақсаты:  балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, уақытты тиімді пайдалануға баулу.

https://www.instagram.com/reel/CqS5Sc9qZXL/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Мектеп алды даярлық тобында "Кітап оқып берейін" атты дауыстап оқу сағаты өтті. 

 Мақсаты:  балдырғандардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту,ата-аналарды балалар оқуы мәселесіне тарту.

https://www.instagram.com/reel/CqS9lH5IhTi/?igshid=MDJmNzVkMjY=

         «Оқуға құштар мектеп» жобасы шеңберінде өтіп жатқан «Интернет орнына кітап» атты біркүндік акция негізінде МАД тобының тәрбиеленушілеріне дауыстап оқу сағаты өтті. Мақсаты: жас бүлдіршіндерді кітап оқуға кішкентайынан үйрету, рухани бай болуына жол ашу, кітапханаға тарту

https://www.instagram.com/p/CrgDLVJNLy0/?igshid=MDJmNzVkMjY=

       "Кітап ғасыр мұрасы" атты кітап көрмесі жасалып, «Интернет  бір күндік, кітап-мәңгілік» – ұранымен кітапхана оқырмандарымен BOOKFOTO сессия ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға кітаптың адам өмірінде маңызды роль атқаратынын насихаттау, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншілікті қалыптастырып, дамыту.

https://www.instagram.com/p/CrhwkK2Ne4T/?igshid=NjZiM2M3MzIxNA==

Қорытынды:

       Биылғы оқу жылында  жұмыс барысында  әр кезде жарық көрген жақсы шығармаларды оқырмандар арасында кеңінен насихаттау;олардың кейбір ерекшеліктеріне баса назар аударып,жаңа заманауи әдістерді қолдана отырып жұмыстар жүргізу; оқырмандардың кітап оқуға деген құлшыныстарын арттыру мақсатында жұмыстар жасау;жаңа технология заманында да кітаптың адамның ой өрісіне ықпал жасап, рухани азығы болып қалуына ықпал ету бағытында қазіргі заманға сай оқырмандардың ойын ұшқырлайтын іс шаралар ұйымдастыру;оқудан қол үзбейтін оқырмандарды көбейтіп, оқу тәрбие жұмысына ықпал ету көзделеді.