Тәрбие жұмысының талдауы » "Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Абай ауданы білім бөлімінің
"Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 9-17-45
Ұялы телефон:
+7 (705) 508-73-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
октябрь
2023

Тәрбие жұмысының талдауы

ЖББ «Қарауыл гимназиясы»КММ нің  тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; -ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуір № 145бұйрығымен бекітілген 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың іс-шаралар жоспарын; - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын; - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 1 қазандағы №525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздері; -2021-2022 жылдарға арналған әдістемелік нұсқаухатын басшылыққа ала отырып құрылған.Тәрбие жұмысы нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізілген: 1) «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы; 2) Қазақстан Республикасының Конституциясы; 3) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 26 желтоқсан 2011жыл; 4) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы; 5) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы; 6) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 02 шілдедегі №169VI Заңы; 7) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы; Тәрбиенің мақсаты: рухани байлықты, моральдық тазалықты, дене бітімін жетілдіруді, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді, ұлттық сәйкестікті, білімнің табынуын, эволюциясы мен сана-сезімінің ашықтығын, әлеуметтік рөлдердің жүйесін толықтай орындауға қабілетті, XXI ғасырдың лайықты өмірін қалыптастыруға қабілетті жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.Әрбір педагогикалық ұжым өзінің қызметін мақсатқа бағыттап, оның шарттары мен мүмкіндіктері бойынша нақтылауы тиіс. Гимназияның тәрбие бағытының әдістемелік тақырыбы: «Тәрбие жұмысында жаңа әдістер арқылы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде әрбір жеке-тұлғаны белсенді және саналы азамат етіп тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамыту, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз ету, жан-жақты дамуына жағдай туғызу». Мектеп және сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстары төмендегі бағыттарды қамтыған: 1)Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие. 2)Рухани адамгершілік 3) Ұлттық тәрбие 4) Отбасы тәрбиесі 5) Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие 6) Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі 7) Көпмәдениетті және көркем - эстетикалық тәрбие 8) Дене тәрбиесі салауатты өмір салты. Сонымен қатар жол қауіпсіздік ережелерін насихаттау, балалар жарақатын болдырмаудың алдын алу шаралары, өрт қауіпсіздігіне арналған шаралар, ҚР мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану бағдарламасы бойынша іс-шаралар, діни экстремистік көзқарасқа қарсы жүргізілетін іс-шаралар , сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кеңінен жоспарланады. Сынып жетекшілердің сапалық құрамы:


Сынып жетекшілері

Тәрбиеге қатысты курстан өткені

Педагогтардың сапалық құрамы

2020-2021 оқу жылы

1

15

9

Зерттеуші -4

Сарапшы-3

Модератор-2


2021-2022 оқу жылы

2

15

11

Зерттеуші -5

Сарапшы-5

Модератор-5


2022-2023  оқу жылы

3

14

11

Зерттеуші -4

Сарапшы-5

Модератор-5



ПАТРИОТИЗМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ТӘРБИЕ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ Мақсаты: әртүрлі салаларында белсенді көрініс арқылы азаматтық сана-сезімді тәрбиелеу; балалар бастамаларына қолдау көрсету арқылы көшбасшылықты қолдау; азаматтық белсенділікті және кіші Отан тағдыры үшін жауапты сезімді күшейту. білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен Отанға ұтымды және эмоционалдық қарым-қатынасы, мемлекет пен қоғамның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұратын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын заңдарын меңгеру және сақтау қажеттілігі бар патриот пен азаматты қалыптастыру. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу бағыты бойынша 1 қыркүйек - Білім күніне арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» атты білім сабақтары, Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында тәрбиелік шаралар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған тәрбие сағаттары, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты іс – шаралар жоспары жасақталып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына «Менің Отаным - Қазақстан» , «Ата Заң Аясында» және адалдық сағаттары сынып сағаттары өткізіледі. Қыркүйек айында өткен «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты тілдер онкүндігімен басталады.Тәрбие бөлімі мен қазақ тілі бірлестігінің бірігіп ұйымдастыруымен М.О.Әуезов  атындағы аудандық, орталық кітапханада дөңгелек үстел, заңғар жазушының ескерткішіне гүл шоқтарын қою, ескерткіш басында жазушының шығармаларынан оқушылардың үзінділер оқуы  өткізіледі.Қараша айында облыстық «Мәңгілік Ел-болашаққа ұмтылған ел»атты белсенділер мен көшбасшылар конкурсына 3 жыл қатарынан  қатысып,жүлделі  1, 3 орындарды иеленді.Желтоқсан айында «Мен Елбасын мақтан тұтам» атты жас ақындар мүшәйрасы болып өтті және «Бейбітшілік пен жасампаздық» атты тақырыпта іс-шара өтті.  2022  жылы  «Гимназияның  құрылғанына 30жыл » салтанатты мереклік жиыны өткізілді.

«Сыр сандық»  драма үйірмесінің жетекшісі Бұланбаева Нағияның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік  тұғырым» атты   концерттік бағдарлама өтті. «Тәуелсіз Қазақстан жаңа ғасырда» атты тақырыпта сурет көрмесі, «Желтоқсан- Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында сынып сағаттары, «Тағылымы мол - Тәуелсіздік» тақырыбында кітап көрмесі, 5-9 сыныптар арасында «Ел болашағы дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ» атты тақырыпта пікірталас, «Елімнің еркіндігі Қазақстан» тақырыбында ашық тәрбие сағаты, «Көк байрағын көтерген Қазақстан» атты тақырыпта көркемсөз шебері және «Тәуелсіздік-арманым, сыйымды саған арнадым» атты тақырыпта мерекелік кештер өтті. Алғашқы әскери даярлық пәнінің жетекшісі Ә. Несіпбаевтың ұйымдастыруымен оқушылардың патриоттық сезімдерін арттыру және әскери, құқық қорғау органдары мамандары мен тәртіп қызметшілерінің жұмысына сенімдері мен құрметтерін арттыру мақсатында  Қарауыл мектептері арасында әскери  спорттық жарыс  өткізілді. Облыстық С.Нұрмағанбетов атындағы алғашқы әскери спорттық кездесу өткізілді.

   Білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру мақсатында мектептегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жемқорлыққа қарсы білім беру элементтерін оқу бағдарламаларына, оның ішінде сыныптан тыс, жалпымектептік ісшараларды: акциялар, оқушы конференциялары, дөңгелек үстелдер, пікірталастар және т.б. қосу арқылы жүзеге асырылады.Бұл жұмыс түрлері оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарас қалыптастырады және сыбайлас жемқорлыққа белсенді түрде қарсы тұруға тәрбиелейді.Білім алушыларды тоқсан сайын бір рет сынып сағаттарын «Жемқорлық – қоғам індеті», «Жемқорлықтың тарихи тамыры», «Жемқорлықтың дамуына әсер ететін факторлар мен себептер», «Адам құқы мен құқық».т.б тақырыптарда өткізілді. «Парасатты азамат» бұрышы жасақталып, («Адал ұрпақ» тобының жұмысы) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары бойынша, «Адал ұрпақ» клубының жұмыс жоспары бойынша жұмыстар жүргізілді. «Адалдық – адамшылық бастауы» 9 желтоқсан-Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні шаралар ұйымдастырылды

   Тәрбие жұмысында зорлық-зомбылыққа қорқытуды, психологиялық қысым көрсетуді немесе тіл тигізуден сақтандыру мақсатында буллинг кибербуллингке қарсы мектеп психологтарымен , емханамен баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық – зомбылыққа қарсы іс – қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары бойынша ІІБ жергілікті полиция қызметі бөлімі арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бірлескен жоспар бойынша іс-шаралар жоспары жасақталып, зорлықзомбылық пен қатыгез қараудың қатері бар жайсыз, қиын жағдайда өмір сүретін отбасыларды профилактикалық бақылауға алу,жеке жұмыс жүргізу жұмыстары жүргізілді.Өткен оқу жылында суицидке ұмтылу және өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары болған жоқ. Құқықтық тәрбиенің тағы бір мақсаты мектепте қауіпсіз орта алаңын құру мақсатында түрлі қауіпсіздік шараларының алдын алу мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» акциясы (жол-көлік оқиғаларының алдын алу) «Қауіпсіз мектеп» іс – шаралар жоспары Адам өмірінің қауіпсіздігі: қауіпсіздік шараларымен таныстыру ,мектеп ережелері-мектеп жарғысымен таныстыру, «Құқықбұзушылық пен заңды жауапкершілік» Бала құқығының 10 күндігіне байланысты іс – шаралары, «Жас полиция» тобының жұмысы, «Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы аясында тәрбиелік шаралар ұйымдастыру, мектеп пен атааналар тарапынан балаларды қоғамға жат мінез-құлықтан бас тарту мәдениетіне тәрбиелеуге қатысты шаралар ұйымдастыру, Мектепішілік және ішкі істер бөлімінде тіркеуде тұрған  оқушы жоқ. Гимназия мұғалімдерінен жасақталған кешкі, түнгі  кезекшілік кестесі жасалынған.

 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында  мұғалімдерден жасақталған кешкі рейдтер мен кезекшіліктер жасалған. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары , мектеп инспекторы, педагог  психолог   біріктірілген жоспар арқылы ата-аналар жиналысында, оқушылармен отырыстарда мектеп директоры мен педагогткалық кеңестерде үнемі қаралады. ұлдар,қыздар отырысы мен әкелер клубы мүшелерінің қатысуымен «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ой бөлісу кеші өткізілді. Мектеп әкімшілігімен «Бала тәрбиесі-баршаның ісі» тақырыбында бірлесіп атқаратын жұмыстардың көлемі бекітілді. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру шаралары бірлесіп жасалады 

  Балалар мен жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу шараларын ұйымдастыру мақсатында діни экстремизімнің алдын алу мақсатында сынып сағаттары ұйымдастырылды. 

  Рухани-адамгершілік тәрбие. Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормалары мен және дәстүрлері мен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру. Міндеттері: «Рухани-адамгершілік тәрбиені» жүзеге асырудың негізгі механизмі ретінде ар-намыс пен мінсіз қызмет көрсету туралы бірыңғай сабақ жүргізуді қарастырады. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы шеңберінде Отан мен ерлік; әлеуметтік, қайырымдылық жобаларын ұйымдастыру, «Қамқорлық», «Мектепке жиналуға көмектес», «Адамдарға қуаныш сыйла» акциялары өткізілді. Қазан айында өткен «Қарттарды қолдау» атты айлығында салтанатты жиын өткізіліп, барлық сыныпта сынып сағаттары өткізіліп, 11-сынып оқушыларымен ұйымдастырылған жалғыз басты  қарттардың  үйіне,  бақшасына тазалық жұмыстарын жасау, отын суларын кіргізіп беру сияқты жұмыстар атқарылды.

 Ұлы қазақ ақындары, ағартушылар, ұлы тұлғалардың ұлағатын таныту мақсатында тақырыптық сынып сағатын ұйымдастыру және өткізу, сыныптан тыс іс-шаралар: тақырыптық салтанатты сапқа тұру, әдеби оқулар, викториналар мен ұлы ойшылдың шығармалары бойынша іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған. «Мектепке жол» республикалық акциясы, «Қамқорлық», «Мектепке жиналуға көмектес», «Адамға қуаныш сыйла» және т.б. акциялар жүргізу , «Ақылды волонтерлік» (Servicelearning) немес «Қоғамға қызмет» әлеуметтік еріктілер тобының жұмысын жүргізу «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы іс-шараларды ұйымдастыру . 

Тәрбие сағаттары. «Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары», «Адамзаттың ұлы ұстаздары», «Сұлулық әлемді құтқарады», «Жақыныңа жанашыр бол», «Махаббат – адам өмірінің негізі», «Мейірімділік – адамның асыл қасиеті» «Ұстаз – ұлағатты тұлға». Ұстаздар мерекесін атап өту .Алғыс айту күніне орай еріктілер тобы, ЖасҰлан мен Жас Қыран мүшелерінің ықпалдасуымен іс-шаралар ұйымдастырылды .

  Ұлттық тәрбие .Мақсаты: «Ұлттық тәрбие» оқушыларға қазақ тілін білу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік атрибуттары мен мемлекеттік рәміздері туралы жарыстар мен олимпиадалар өткізу, әрбір мектепте музейлер ашу, атақты спортшылар, ғалымдар, көрнекті тұлғалар, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жоба жеңімпаздарымен кездесулер, сонымен қатар, өлкенің тарихи-мәдени мұраларына жататын объектілерінде мектеп оқушыларына өлкетану бойынша тақырыптық сабақтар өткізу арқылы жүзеге асырылады. Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау. Ұлттық бағыттағы тәрбиеге жоспарға сәйкес «Ұлттық ойындар халық қазынасы» (Ұлттық ойындар сайысы ) «Ұлттық қол өнер-ұрпаққа ұлағат» ұлттық өнерді насихаттау туралы сыныптан тыс іс –шаралар, «Ұлттық тәрбиеден нәр алу қыздарымыздың басты қағидалары» наурыз айының шаралары, «Имандылық ұл-қызға жарасады (Ұлар, Қыздар жиналысы) ,«Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» наурыз мейрамына арналған тәрбие сағаттары, «Туған жеріңді таны» (туған өлкенің тарихын, мәдениетін және дәстүрлерін терең зерттеу) «Ұлттық құндылықтар –тәрбиенің түп қазығы» (Ұлттық құндылықтар марафоны)өткізілді Отбасы тәрбиесі Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру. Міндеттері: отбасын құндылық ретінде сезіне білу қабілетін қалыптастыру, отбасылық міндеттерді орындаумен байланысты қолданбалы біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, отбасында дау-дамайсыз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, гендерлік айырмашылықтарға байланысты психологиялық, дүниетанымдық ерекшеліктер жөнінде білімдерін қалыптастыру. «Отбасы-бақыт мекені» атты республикалық отбасы апталығының іс-шаралар жоспары аясында отбасы күніне арналған тәрбие сағаты:1.«Отбасы – өмірдің мәні», 2.«Отбасы – аялы алақан мекені», 3.«Отбасы – өмір айнасы», «Қауіпсіз балалық шақ» жалпы атааналар жиналысы. «Бақытты отбасы» суреттер байқауы. «Ата-ананы қадірлеу – парызымыз» ата-аналар мен балалары арналған шара«Әке мектебі», «Ана мектебін» жоспарлары бойынша «Әкем-тірегім,қызым жүрегім», «Ана мен қыз» , « Әже мен немере» байқаулары өткізілді. 8 Наурыз-халықаралық аналар күніне арналған сынып сағаттары«Мамандық таңдауда балаларға бағыт-бағдар беру» тақырыбында ата-аналарға кеңес, ата-аналар жиналыстары «Қамқоршылық кеңес» жұмысы , Ата-аналар комитетінің жұмысы, ата-аналар жиналыстарын дәстүрлі емес форматта өткізу: «Кәсіби мамандарды шақыра отырып баспасөз конференциялары», «Ата-аналар сенбіліктері», «Психологиялық тренинг», «Отбасын таныстыру», «Тәжірибе алмасу», «Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі» әртүрлі санаттағы ата-аналарға арналған кеңестер, «Мектептегі бір күн» жобасы бойынша бетпе-бет ата-аналар жиналыстары өткізілді. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту Білім алушыларда кәсіби өзін-өзі анықтауға деген саналы көзқарастарын қалыптастырады, адамның экономикалық ойлау мен экологиялық мәдениетін дамытады. Оқушыларды мамандыққа баулу тәсілінің бірі білім беру ұйымдарында білім алушыларды мамандыққа бағдарлау жұмыстарын жүргізу болып табылады. Бұл жұмыстар мектептерде білім алушылармен оқу-тәрбиелеу процесінде, сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі.Ерте жастан кәсіпке баулу мақсатында 7,9,11-сынып оқушыларына бейіндік бағдар бойынша, кәсіптік бағдар бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп, кездесулер ұйымдастырылды. Экологиялық тәрбие аясында білім алушылармен білім беру ұйымдары, аудан, қала территориясындағы жасыл алаңдарды көгалдандыру және абаттандыру бойынша сенбіліктер ұйымдастырудың; «Жасыл ел» қозғалысы аясында жас көшеттер отырғызу; табиғат аясын қоқыстан тазарту сияқты волонтерлік қозғалысқа қатысудың маңызы зор. Қазан мен қараша айларында «Табиғат тағдыры адам тағдыры» атты тақырыбында экологиялық акция өткізіледі. Акцияда мектеп ауласы тазаланды,ағаш отырғызылды. Және осы айда «Алтын күз» тақырыбында өткен сайыс үш кезеңде ұйымдастыруымен өткізілетін шараға оқушылар белене қатысады, бастауыш сыныптар аралығында «Күз сыйы» тақырыбындағы көрме оқушылардың табиғатқа деген ынталарын арттыруға сеп болады. «Еңбек – елдің мұраты» жобасы шеңберінде өзінің кәсіби саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген табысты адамдардың өмірі мен қызметі жайында сынып сағаттары, «Күз бояуы» тақырыбында суреттер байқауы, 1-2 сыныптар «Күз сыйы»тақырыбында қолөнер байқауы, 3-4 сыныптар; «Ырысы мол, Алтын күз!» тақырыбында отбасылық фотосуреттер байқауы, 5-8 сыныптар; «Алтын күз, әсем айналам» бейнероликтер байқауы, 9-11 сыныптар арасында «Күзгі бал» шаралары, 15 қараша – Ұлттық валюта күніне арналған тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. 

 Көп мәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие Мақсаты: Тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени орталықтарымен ынтымақтастық орнату; оқу орындарында Қазақстан халқы шағын Ассамблеясын құру; үйірмелер, әдеби клубтар; экскурсиялар: театрлар, мұражайлар, көркемөнер көрмелері, галереялар, тарихи орындар; іс-шаралар: шығармашылық кештер, балалар мен жасөспірімдер шығармаларының көрмесі, халықтар достығының фестивалі, тілдік және шығармашылық клубтар, конкурстар; атақты адамдармен, өнер қайраткерлерімен кездесулер аталған бағытты жүргізудің негізгі механизмі болып табылады.Жоспарға сәйкес аудандық «Қоқыстарға екінші өмір сыйла»конкурсына қатысып  оқушыларымыз 1,2орын иеленді. «Біз табиғатты қорғаймыз» тақырыптарында сынып сағаттары, «Ұлылар туған өлкенің  табиғаты» атты орталық  кітапханамен бірлескен шара, «Іскерлік қарым-қатынас этикасы» сынып сағаттары, «Жарнама жасау өнері», «ХХІ ғасыр менеджері», «Көшбасшы нені білуі керек?», «Кәсіпорындардағы қақтығыс жағдайларын шешу» рөлдік ойындары Кәсіби-шығармашылық тәрбиесі бойынша «Мамандық таңдау уақыты» бейне блогерлер байқауы, «Мен кәсіптер әлемінде» әдеби байқауы (эссе), «Кәсіби таңдауым – өмірлік қалауым» колледждердің, жоғары оқу орындарының  қызметкерлерімен кездесулер. Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру мақсатында «Әлеуметтік желідегі сөйлесу мәдениеті»,«Баланың компьютермен жұмысы барысында шаршағанды басатын ұсыныстар , Ақпараттық және киберқауіпсіздікке байланысты шаралар «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың дебаттық қозғалысы»жалпыұлттық мәденибілім беру жобасын іске асыру бойынша дебат ойындары «Ұшқыр ой мен шешен тіл» интеллектуалды ойындары жүзеге асырылды және осы оқу жылында барлық әдістемелік апталықтарда зияткерлі шаралармен қамтылды. 

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату. «Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты» салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтай білу үшін кеңістік құрады. Жалпы білім беру ұйымдарында бұқаралық спорт түрлерінде (футбол, волейбол, баскетбол, ұлттық спорт түрлері: асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі) мектеп спорт лигаларының желісін кеңейту мақсатында ұлттық спорт ойындары, қысқы спорттық ойындар, денсаулық күндері «Денсаулық және спорт» тақырыбында спорттық ойындар, «Жаман әдеттен сақ бол» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. «СПИДғасыр дерті» тақырыпта апталық болып өтті. Бұл апталықта аудандық емхананың   дәрігерлерімен кездесіп ішімдіктің, темекі мен нашаның зияны туралы және СПИД ауруы туралы пікір алмасып, баяндамалар оқылып, видео көріністер көрсетілді.Лездемеде мектеп медбикесі баяндамалар оқыды.

 «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл», «Сақтан ұрпақ қатерден» атты дұрыс тамақтану бойынша тәрбие сағаттары өткізілді.

 Қыз балалармен жұмыс Мақсаты: Сыныптағы әрбір қыз баланы ибалылық сақтауға баулу, құқықтық, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәбие беру.Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың, жақсы қарым-қатынас сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Гигиеналық жағынан қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу. Бұл жұмыс қыз балаларға қамқорлық, ниет білдіру, жан жылулығын сезіндіру үшін және қыз баласына тән белгілі бір ұнату сезімін бастан кешіру кезінде түсініспеушілік болса, оған қыздардың мұңайып, өздеріне жамандық жасамауы үшін алдын алуға міндеттейді.

Ұл балалармен жұмыс Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу. 

  Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі Мақсаты: Тәрбиелік қызыметтің түрлі формалары арқылы өмір сүру қауіпсіздігін қаматамасыз етудің негізін қалаыптастыру. Міндеттері: тәрбиелік қызметтің түрлі формалары арқылы өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізін қалыптастыру;өмір сүру қауіпсіздігі ережелерін насихаттаудың формалары мен әдістерін жетілдіру оқушылардың төтенше жағдайларындағы мінез құлықтарының практикалық дағдыларын үйрету мен жаттықтыру; оқушылардың жолда жүру ережелерін сақтаулары мен орындауларының орнықты дағдыларын қалыптастыру. Өткізілген шаралар. -Жол жүру ережесін білемез бе ? -«Абайла жолдан, Жас ұлан» ең үздік суреттер плакаттар байқауы. -«Өрт-тілсіз жау» тәрбие сағаттары -«Судағы қауіпсіздік ,мұздың қатуы қауыпсіздік шаралары жөнінде мектепшілік жиын -«Жаңа жыл кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында интерактивті сабақтар «Жолда жүру сауаттылығы» 5-7 сынып оқушылары арасында сайыс өтті.

 Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс: Мақсаты: Оқу-тәрбие жұмысындағы басты тұлға «оқушы» екенiн үнемi бетке ұстай отырып, балаға гимназия оқушыларының ерекшелiктерiн /мектепте, үйде, ортада/ ұғындыруда мектеп пен ата-ана бiрлесе жұмыс жасауы. Мiндетi : Мектеп пен ата-ана арасындағы iзгiлендiрiлген тығыз қарым-қатынас; Мектепте өтетiн шараларға ата-аналарды кеңiнен тарта отырып, олармен бiрлесе баланы патриоттыққа, сезiмталдыққа тәрбиелеу; .Класс жетекшi, ата-ана, пән мұғалiмдерiнiң психологиялық-педагогикалық деңгейiн семинарлар, тренингтер көтеру. Күтілетін нәтиже: 1.Ата-аналармен тұрақты байланыс орнатылады. 2.Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігі қамтамасыз етіледі. 3.Ата-аналар ұжымы құрылады. 4.Ата-аналардың білім дәрежесі мен мәдениеті үнемі артып отырылады. Қамқоршылық кеңес жұмысы Гимназиямызда        жылдан бері қамқоршылық кеңесі жұмыс жасайды,кеңес құрамында  9 мүше және хатшы бар. Қамқоршылық кеңестің мүшелері ата-аналар жұмысын жандандыру, қайырымдылық көмектен түскен қаражатты аз қамтылған жанұя, көп балалы отбасы балаларына көмек беруге, дарынды балаларды қолдауға және спортты дамытуға жұмсау,оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қолдау көрсету сынды жұмыстармен айналасады.Кеңес мүшелері сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Күшті және әлсіз жақтарын анықтау мақсатында тәрбие жұмысына жасалған SWOT-талдау : Ішкі орта Күшті жақтар(басқалар алдында басымдық беретін ұжымның қасиеттері) 1. Мектепте қолайсыз отбасы оқушылары мен аудандық   ІІБ де есепте тұратын оқушыларымыздың болмауы

 2. Оқушылардың оқу қызметіндегі зияткерлік қырларын жандандыру: әртүрлі нысандар мен әдістер арқылы; әр оқушымен жеке байланыс орнату; сыныпта психологиялық жайлы жағдай жасау; бала тұлғасының жеке ерекшеліктерін зерделеу. Әлсіз жақтар (мектептің жұмысын жетілдіретін тұстары) 1. Мектеп түлектерімен байланыс орнатуды жолға қою 2. Қорғаншылықтағы балалардың жағдайына аса назар аудару.

 3. Отбасылық тәрбиені күшейту 4. Оқушылар ұйымының жұмысын қолға алу Сыртқы орта Мүмкіндіктер (мақсатқа жетуге қосымша мүмкіндік беретін сыртқы ықтимал факторлар) 1. Көшбасшылар клубының жұмысын ұйымдастыру арқылы гимназияның өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру; 2. Қоғамдық ұйымдармен белсенді серіктестік (мұражайлар, театрлар, кітапханалар, мәдени орталықтар); 3. Медиация жұмысын жетілдіру Қауіптер (мақсатқа жетуді қиындататын сыртқы ықтимал факторлар) 1. Оқушылардың және олардың атааналарының ұстанымдары мен өмірлік құндылықтарының өзгеруі; 2. Оқу ғимаратының қолайсыздығы мен оқу стандартын меңгерту міндеттемесіне сәйкес тәрбие шараларын ұйымдастырудың қиындауы .


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                  Нукешева Л.Б.