2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жоспары » "Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Абай ауданы білім бөлімінің
"Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 9-17-45
Ұялы телефон:
+7 (705) 508-73-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
октябрь
2023

2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жоспары


«ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ

















«Математика, физика, информатика және бейнелеу өнері пәндері»

  әдістемелік бірлестігінің 

2023-2024 оқу жылына арналған 

жылдық жоспары



























Қарауыл, 2023 жыл  






«Математика, физика, информатика және бейнелеу өнері пәндері»  әдістемелік бірлестігі


Математика- оқушыларды математикалық мәдениеттілігі мен іс-әрекеттерін қалыптастыру. Оқушылардың логикалық ойлауын, алгоритмдік ойлауды жетілдіру.




Физика- оқушылардың ғылыми ойлауын, танымдық

     және шығармашылық қабілеттерін, табиғат құбылыстарын білуге, қызығушылығын, оқуға деген сапалы ынтасын дамыту. Ғылыми және экономикалық мәдениетке, физика ғылымының әлеуметтік рөлін түсінуге тәрбиелеу. 



Информатика- оқу тәрбие процесінде компьютерлік техниканы тиімді пайдалану, іске асыруда білім жүйесін  технологияландыру.




Бейнелеу өнері-  оқушылардың графикалық білімі мен іскерлігін игеру, кеңістік ойлауын дамытуға назарын аудару; қоршаған орта әсемдігін көру, сезіну, қабылдау қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін жетілдіру, көркемдік қарекеттерін өз бетімен орындауға үйрету. 









Қарауыл гимназиясының проблемалық тақырыбы:



      «Саралап оқытудың жаңа технологияларын 

сабақ үрдісінде іске асыру жолдары»









«Математика, физика, информатика, бейнелеу өнері пәндері» бірлестігінің ізденіс тақырыбы:



«Оқушылардың жеке дамуын, қызығушылықтарын, икем-қабілет дағдысын, ой-өрісін арттыру үшін білім беру жүйесін дифференциалды оқыту»









«Математика, физика, информатика, бейнелеу өнері  пәндері» әдістемелік бірлестік жетекшісінің негізгі қызметінің мазмұны:


  • Бір оқу жылына ӘБ жұмыстарын жоспарлау,  ағымдағы жұмыстарды тоқсан сайын жүзеге асыру;
  • ӘБ мұғалімдерінің жетістіктері мен кездескен қиындықтарына диагностикалар өткізу;
  • Сабақтарға қатысу, пәнді оқыту сапасын бақылау мақсатында пән бойынша мұғалімдердің сабағына қатысу және әдістемелік көмек көрсету;
  • Пән мұғалімдерінің сабақтарына өзара қатысуды ұйымдастыру;
  • Айына бір рет ӘБ ағымдағы жұмысына арналған ӘБ мұғалімдерінің жұмыс мәжілісін өткізу;
  • Тоқсанына бір рет ӘБ отырысын өткізу;
  • Аудандық олимпиадаларға, байқауларға, пән бойынша жарыстарға қатысу үшін мектеп оқушыларын дайындықпен  қамтамассыз ету;
  • Пән бойынша мемлекеттік стандарттың оқу-бағдарламаларын бақылау, жоспар-кестесін жетілдіру;
  • Мектеп директорының орынбасарына тоқсан ішінде ткізілген бақылау жұмыстарының, тексерулердің, пән бойынша сынақтардың қорытындылары жөнінде ақпарат тапсыру;
  • Аталған айналымда пәндерді оқыту мәселесі бойынша оқу ісінің меңгерушісі, директордың жанындағы мәжіліске қатысу;
  • Оқу тәртібі бойынша тоқсандық, жылдық бағдарламаларды орындау барысын зерттеу;
  • Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарға ағымдағы бақылауды жүзеге асыру;
  • Кәсіби қызмет мәселесінің негіздері бойынша, мұғалімдердің өздігінен білім алуы жөнінде ӘБ әр мұғалімімен әңгімелер өткізу;
  • Оқыту мен білім саасына, оқушылардың диагностикаларының нәтижелері жағдайына аналитикалық бақылау материалын дайындау;
  • Оқу жылы аяғында бір жылға ӘБ жұмыстарына жүйелі талдау өткізу; 






Пән бірлестігі мүшелерінің құрамы 


Педагогтің аты-жөні

Еңбек өтілі

Диплом бойынша мамандығы

Бітірген оқу орны, жылы

Санаты, берілген жылы, бұйрық № 

1

Әлиасқарова Қарлығаш Қадырқызы

35 жыл

Физика және математика

Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институты. (1983-1988)

Педагог –зерттеуші

(20.07.2018 №1)

(10.04.2023ж №82 ж\қ)

2

Әлімғалиева Гүлмира Дәулетқалиқызы

28 жыл,


Математика

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті. (1991-1995)

Педагог –зерттеуші

(27.08.2019ж №296)

3

Мәденова Жаннұр Кенжебекқызы

7 жыл

Математика бакалавры.

Педагогика ғылымдарының магистрі.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті. (2014-2018)

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті. (2021-2023) 

Педагог –сарапшы

(23.12.2021ж №315)

4

Жуманбаева Мадина Максутовна

16 жыл 

Физика және информатика пәні мұғалімі

Семей мемлекеттік педагогикалық институты. (2003-2007)

Педагог –зерттеуші

(20.12.2018ж №632)

5

Шакенова Салтанат Өмірбекқызы

16 жыл


Информатика

Семей мемлекеттік педагогикалық институты (2006-2010)

Педагог –модератор

(07.10.2020ж №193)

6

Түңлікбаева Айзат Амангелдіқызы

11 жыл

Информатика

Семей мемлекеттік педагогикалық институты (2008-2012)

Педагог- модератор

(20.08.2019ж №50)

7

Кульчибеков Нурбек Балагазинович

30 жыл

Сызу, бейнелеу және еңбек пәнінің мұғалімі

Семейдің Шәкәрім атындағы педагогикалық институты. (1985-1993)

Педагог










Педагогикалық білімі бар педагогтер туралы мәліметтер. ИФМ және бейнелеу өнері пәндері бойынша.


Оқу жылы

Математика пәні мұғалімдері саны

Информатика пәні мұғалімдерінің саны

Физика пәні мұғалімдерінің саны

Бейнелеу өнері пәні мұғалімдер саны

Жоғары білімді

2023-2024

3

2

1

1

7 (100%)


2023-2024 оқу жылында 3 педагог-зерттеуші, 1 педагог-сарапшы, 2 педагог-модератор, 1 педагог санатындағы мұғалімдер жұмыс жасайды. 


Педагогтердің біліктілік санаты туралы мәлімет. ИФМ және бейнелеу өнері пәндері бойынша.


Оқу жылы

Біліктілігі жоғары І санат

Педагог-зерттеуші

Педагог сарапшы

Педагог модератор

Педагог

Педагогтердің жалпы саны 

2023-2024

-

3-43%

1-14%

2-29%

1-14%

7


Педагогтердің біліктіліктерін арттыру курстары туралы мәлімет. ИФМ және бейнелеу өнері пәндері бойынша.

Оқу жылы

Курс тақырыбы

Оқытқан жер

Сертификат №

Сағаты

Оқыған жері, уақыты

Педагогтің аты-жөні

2023-2024

«Мектептегі физика сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары»

«НЗМ» ДББҰ ПШО

№027978

160

Семей қаласы,

19.06.23-14.07.23

Жуманбаева М.



Педагогтердің  жетістіктері мен алған марапаттары туралы мәлімет.  

ИФМ және бейнелеу өнері пәндері бойынша.


Оқу жылы

Мадақтама немесе жетістік мәтіні

Мадақтама түрі

Денгейі

Берілген жері, уақыты

Педагогтің аты-жөні

2023-2024

Абай ауданының білім бөлімі. 2023-2024 оқу жылында өткізілген білім саласы қызметкерлерінің Тамыз кеңесінің секциялық отырыстарында озат іс-тәжірибесімен бөліскені үшін.

Алғыс хат

Аудандық

Қарауыл 2023ж

Әлиасқарова Қ.

Абай ауданының білім бөлімі. Физика-математика бағытындағы НЗМ математика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиадасының аудандық кезеңінде І орын алғаны үшін.

Мадақтама

Аудандық

Қарауыл 2023ж

Әлімғалиева Г.

Абай облысы ББ. Физика-математика бағытындағы НЗМ математика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиадасының облыстық кезеңінде ІІ орын алғаны үшін.

Мадақтама

Облыстық

Семей, 2023ж

Әлімғалиева Г.



Педагогтердің соңғы үш жылдағы   іс-тәжірибе тарату және алмасу туралы мәлімет. ИФМ және бейнелеу өнері пәндері бойынша.


Оқу жылы

Іс-тәжірибе мазмұны

Іс-тәжірибе түрі (семинар, басылым)

Деңгейі

Уақыты

Педагогтің аты-жөні

2023-2024

Абай ауданының білім бөлімі. 2023-2024 оқу жылында өткізілген білім саласы қызметкерлерінің Тамыз кеңесінің секциялық отырыстарында озат іс-тәжірибесімен бөліскені үшін.

Баяндама оқу

Аудандық

Қарауыл, 2023ж

Әлиасқарова Қ.

Абай облысы ББ «Облыстық инновациялық-әдістемелік оратлығы» КММ, Alikhan Bokeikhan University және «Abai IT Valley» технологиялық кластерінің ұйымдастыруымен «Педагогтердің ІТ- құзыреттерін дамыту және жетілдіру» тақырыбында информатика, робототехника пәні мұғалімдеріне арналған І съездіне қатысқаны үшін. 

Тәжірибе алмасу

Облыстық

Семей, 

6.10.2023

Шакенова С.




2023-2024 оқу жылындағы  ИФМ (бейнелеу өнері) пәндер бірлестігінің  міндеттері

Міндеттер

1.

ӘБ мүшелерінің жоспар бойынша бөлінген жұмыстарын шығармашылықпен жүргізу.

2.

Оқушылардың білім дәрежесін, дағдысын, іскерлігін жаңа технология негізінде жетілдіру.

3.

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға сабақ беретін пән мұғалімдерінің КТЖ талдау.

4.

Оқушылардың халқымыздың ұлттық дәстүрлері-халықтық педагогиканы оқытып, үйрету бағытында тәрбиелеу.

5.

Сабақ үрдісінде ақпараттандыру технологиясындарын кеңінен пайдалану.

6.

Саралап-деңгейлеп, СТО және модульдік технологияны ӘБ ішінде оқып-үйрену, сабақ үрдісінде пайдалану.

7.

Барлық пәндер бойынша оқытудың әдістемелік жүйесін жаңарту.

8.

Мұғалімдер шеберлігінің диагностикасын жүргізу. Мектепішілік басқару және бақылау тиімділігіне анализ, сынып педагогикалық ұжымының социометриясы, оқушылардың және мұғалімдердің рейтингін анықтау.

9.

Оқушылардың оқуға деген ынтасын жетілдіру, олардың қоршаған әлемді танып білуге деген табиғи мұқтаждығын пайдаланып, өз дербестігін және белсенділігін дамыту.

10.

Гимназия оқушыларын ОҒҚ ұйымдастырған және «Дарын» орталығы үйымдастыратын облыстық, республикалық марафондармен  ғылыми жоба жарыстарына оқушыларды тарту

11.

Ұстаздық шеберлікті жетілдіруде жаңашыл ұстаздардың озат тәжірибелерін насихаттау,үйрену.

12.

«Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясын»  басшылыққа алу.

13.

Жас ұстаздарға практикалық көмек көрсету.

14.

9-сынып оқушыларын ББЖМ-дайындау бойынша МС және физика (ЖҒ) пәндерінен дайындық жоспарын, кестесін құрып жүйелі дайындық жүргізу., 

15.

Оқушыларды  МЕ-ға  дайындау жұмыстарын  жүргізу.






2023-2024 оқу жылының І оқу тоқсанында 

математика, физика, информатика және 

бейнелеу өнері  пәндер бірлестігінің атқарған

 жұмыстары туралы 





Х  А   Б  А  Р   Л  А  М  А


- 2023-2024 оқу жылында өткізілген Тамыз кеңесінің секциялық отырысында озат іс-тәжірибесімен бөліскені үшін математика пәні мұғалімі Әлиасқарова Қ.К. аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталды; 


- Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Т.И.Амановтың туғаныныа 100 жыл толуына арналған жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына арналған математикадан облыстық олимпиаданың бірінші аудандық кезеңіне 4 оқушы қатысып, бір оқушы жүлделі ІІІ орынға ие болды (2.10.2023);


- Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі  математика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиадасының аудандық кезеңінде математика пәні мұғалімі Әлімғалиева Г.Д. І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды (9.10.2023);


- Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ, Alikhan Bokeikhan University және Abai IT Valley технологиялық кластерінің ұйымдастыруымен «Педагогтердің  ІТ-құзыретін дамыту және жетілдіру» тақырыбында информатика, робототехника пәні мұғалімдерінің І съезіне информатика пәні мұғалімі Шакенова С.Ө. қатысып қайтты (6.10.2023);


- Математика, физика пәндері бойынша 9,11-сынып оқушыларын қорытынды емтиханға, МОДО-ға дайындау бойынша жоспар құрылып, дайындық жұмыстары жүргізіліп отыр;

- 9-сынып оқушыларынан МОДО бойынша 22.09.2023 күні сынама тест алынып, талдау жасалды;


-Физика пәні бойынша ӘНХ басшылыққа ала отырып 7-11 сыныптар үшін КТЖ құрылды, ӘНХ бойынша 7,8,9,11 сыныптарда практикалық жұмыс саны-0, 10-сыныпта оқу жылына 1 пракикалық жұмыс берілген. Физика пәні бойынша материалдық-техникалық базаның толық болмауына байланысты практикалық сабақтарда оқушыларға тақырып бойынша қиын есептерді шешу ұсынылады;


- Пәндік олимпиадаға дайындық бойынша резервтегі оқушылар: математика пәнінен 9-сыныптан Мұратов Н., 11-сыныптан Асқарқызы Ж., физика пәнінен 10-сыныптан Назымқызы А., информатика пәнінен 9-сыныптан Болатов Б.  Дайындық жұмыстары жүргізіліп отыр;


- Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі  математика пәні мұғалімдеріне арналған олимпиадасының облыстық кезеңінде математика пәні мұғалімі Әлімғалиева Г.Д. ІІ орынды иеленді; (14.10.2023);