КИЕЛІ БІЛІМ ОРДАСЫ » "Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Абай ауданы білім бөлімінің
"Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 9-17-45
Ұялы телефон:
+7 (705) 508-73-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
октябрь
2023

КИЕЛІ БІЛІМ ОРДАСЫ


Киелі білім ордасы

 Тәуелсіз жас мемлекет ретінде дамудың даңғыл жолына енді бет бұрған біздің Қазақстан үшін жас ұрпақтың өнерлі де іскер, еңбек сүйгіш, жігерлі, намысты болып өсуі айрықша маңызды еді. Сол себепті өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен білім көзінің негізі саналатын жаңа тұрпаттағы қазақ мектептерін ашу қажеттігі туындады. Осы талапқа орай 1992-1993 оқу жылында Абай ауданының орталығы–Қарауылда мектеп-гимназия сол кездегі Абай ауданының әкімі Орал Арғынбековтың шешімімен 1992 жылы 27 сәуірдегі №53 бұйрығы бойынша ашылды.

Қарауыл гимназиясы–жаңа мазмұнда білім беруді бастаған ауданымыздағы тұңғыш білім ордасы. Алғашқыда мектеп-гимназия болып ашылып, 1996 жылы «гимназия» статусы берілді.



Абай ауданы бойынша тұңғыш «Алтын белгі» иегері 2005 жылғы түлек – Мұрат Малика болғандығын мақтан етеміз.


Қарауыл гимназиясы 2003 жылдан бастап Шығыс Қазақстан өңірлік «Дарын» ғылыми – практикалық орталығының тәжірибелік алаңына енген.

Гимназия облыстық «Жыл мектебі - 2002» байқауының, облыстық «Жылдың үздік ауыл мектебі - 2010» байқауының жеңімпазы, облыс әкімі сыйлығының лауреаты, аудан   мектептері  арасында  «Жылдың   үздік  мектебі -2020», «Үздік дарынды   мектеп-2022» аталымымен    марапатталды.

2011 және 2015 жылдары Ұлттық Бірыңғай Тестілеу қорытындысы бойынша Қарауыл гимназиясы 2 рет «Республиканың 100 үздік мектебі» қатарына енді. 2014 жылы облыстық олимпиада қорытындысымен «Үздік ауыл мектебі» номинациясын иеленді.


Қарауыл гимназиясы бүгінде білім жолындағы үрдісте өзіндік ізденістерімен, жаңалыққа құмар, жақсы жетістіктерге құштар, намысты талпыныстарымен өз ортасында, облыста ғана емес, республикаға кең танымал білім ордасына айналды.

Жаңа мазмұндағы білім ордасын 1992-1997 жылдары «ҚР Білім беру ісінің озық қызметкері»  Құлтаев Ерлан Құлтайұлы, 1997-2008 жылдары «ҚР Білім беру ісінің озық қызметкері» Имаханов Ерлан Молдағалиұлы, 2008-2012 жылдары «ҚР Білім беру ісінің озық қызметкері» Дүрмекбай Қайырғазы Нұрлыбекұлы басқарды. Білікті басшылардың ізін жалғап, 2013 жылдан бастап киелі білім ордасында басшылық қызметін Жарасбаев  Қуанышбек  Асқарұлы   атқаруда. 

1992 –1994 жыл аралығында Абламбаева Мәрзия Қожағұлқызы оқу ісі және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары,1994-2010 жылдары Оразова Бахтыгүл Оразқызы оқу ісінің меңгерушісі, 2010-2014 жылдары Түсіпова Гауһар Жетпісбекқызы оқу ісінің меңгерушісі, 2014-2015 оқу жылында Оразова Аяулым Гарифоллаевна оқу ісінің меңгерушісі, 2016- 2019 жылдары Орынғалиева Айзат оқу ісінің меңгерушісі, 2019 жылдан бері Абламбаева Тоғжан Мақсұтбекқызы оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді. 

Тәрбие ісінің меңгерушілері: 1992-1995 Тәтенова Сұлушаш, 1995-2002 жылдары Абламбаева Мәрзия Қожағұлқызы, 2002-2007 жылдары Қасеева Гүлмира Шайкенқызы, 2008-2010 жылдары Түсіпова Гауһар Жетпісбекқызы, 2010-2011 жылдары Кунафина Меруерт, 2011-2016 Абламбаева Тоғжан Мақсұтбекқызы, 2016 жылдан бері Нукешова Лунара Бекеновна.

Бейінді оқыту жөніндегі директордың орынбасарлары:2002-2018 жылдары Абламбаева Мәрзия Қожағұлқызы, 2018 жылдан  бері Оразова Аяулым Гарифоллаевна.

Гимназияның ірге тасын қалаған ұстаздар математик Боқанова Шолпанның, тарихшы Ибраева Нұрлығайымның, оқу ісінің меңгерушісі Оразова Бақтыгүлдің, химия пәнінің мұғалімдері Мақашева Марфуғаның, Абламбаева Мәрзияның, биология пәнінің мұғалімі Тұрсынғалиева Бақтығайша, орыс тілі пәнінің мұғалімдері  Жүнісжанова Гүлнардың, Абдина  Әлияның, бастауыш  мұғалімі Желдібаева Бақыттың, физика пәнінің мұғалімі Нұрғожина Бағдаттың, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Қасымжанова Мейрамгүлдің, Қасеева Гүлмираның, Нұрғалиева Күлзияның, география пәні мұғалімі Асхатова Тілеуғайшаның, математика пәні мұғалімі Дүйсенова Тиыштының, сызу-сурет пәнінің мұғалімі Ақмоллин Тұрсынның, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Искаков Таңаттың жанқиярлық еңбегі тек оқушылар қауымының ғана емес, педагогикалық ұжымның шығармашылық еңбегіне бастау болды.






Гимназиядағы Мерғали Ибраев атындағы «Ақсұңқар» ақындық сыныбының жетекшісі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Халықаралық Жамбыл қорының және облыс әкімі сыйлығының лауреаты, «Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қайраткері», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің, «Құрмет» орденінің иегері, ақын Төлеген Жанғалиев - Республикалық Абай оқуларының, ақындар айтыстарының, ақындар мүшәйрасының жүлдегерлерінің дарынын танып, қанаттандырған ұстаз.


Шәкірттерінің өнерге құштарлығын оятқан «ҚР Мәдениет саласының үздігі», ҚР Білім және ғылым министрлігінің«Құрмет грамотасының» иегері, шәкірттері республикалық Абай оқуларында топ жарған, күні бүгінге дейін гимназиядағы «Сыр сандық», драма үйірмесінің тұрақты жетекшісі Нағия Бұланбаева «өнерім-өмірім, шәкірттерім- тірегім» деп біледі.

Гимназия тарихында оқуда да, өнерде де алда болу дәстүрге айналған. Мектеп қабырғасы қаланған сәттен бастау алған бұл дәстүр әлі күнге дейін жалғасын табуда. Соңғы жылдары да ұстаздарымыз бен оқушыларымыздың еңбегінің арқасында білім сайыстары, өнер додаларында алдыңғы орындарда келеміз.

ХІХ Республикалық «Абай оқуларында» 11-сынып оқушысы Төлепбекова Еңлік жүлделі ІІІ орын, Түркістан қаласында Халықаралық «Алаш үміті» фестивалі аясында өткен ғылыми жоба жарысына қатысқан 10- сынып оқушысы Алтынбекқызы Іңкәр І орын, ІІ Республикалық «Алаш сенген жастар» атты жас ақындар мүшәйрасында 11-сынып оқушысы Төлепбекова Еңлік І орын, «Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры» байқауында 11- сынып оқушысы Садырбекова Диана І орын, 10- сынып оқушысы Алтынбекқызы Іңкәр ІІ орын алып,өлеңдері республика бойынша шығарылған балалар шығармашылығының жинағына енді.

Өскеменде өткен Халықаралық «Ұлы дала дарындары» атты шығармашылық конкурсқа қатысқан 9 «ә» сынып оқушысы Әнуарова Ақбата «Бас жүлде», Ахмет Байтұрсынов атындағы республикалық қазақ тілі олимпиадасында  7 «ә» сынып оқушысы Оңғарова Зере ІІ орын, облыстық «Юниор» математикалық олимпиадасында 7 «ә» сынып оқушысы Кәкімова Алтынай ІІІ орын, облыстық ғылыми жоба жарысында 9 «а» сынып оқушысы Оралханова Жанел ІІ орын, облыстық шығармалар сайысында І орын, облыстық «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты шығармалар байқауында 11-сынып оқушысы Уатжанова Ажар І орын, 8-сынып оқушысы Қасенова Іңкәр ІІ орын алып, жүлдегер атанды.

Облыстық пәндік олимпиадада тарих пәнінен Уәлибекова Перизат  ІІІ орын,  қазақ тілі пәнінен Алтынбекқызы Іңкәр ІІІ орын, Төлепбекова Еңлік ІІІ орын, бастауыш сыныптар олимпиадасының облыстық кезеңінде қазақ тілі пәнінен 4-сынып оқушысы Ережепбаева Айым ІІ орын, Өскемен қаласында өткен «Мәңгілік ел-болашаққа ұмтылған ел» атты белсенділер мен көшбасшылар конкурсында гимназия командасы ІІ орын алып, Советқызы Талшын «Сахналық шеберлік» номинациясын иеленді.

Облыстық «Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым» - авторлық өлеңдер байқауында Садырбекқызы Диана «Гран-при» жүлдесін жеңіп алды.

10-сынып оқушысы Алтынбекқызы Іңкәр облыстық Мұқағали оқуларында ІІІ орын, облыстық Махамбет оқуларында ІІ орын, облыстық «Жас метематик» олимпиадасында Жабасова Айнара ІІ орын, «Жас физик» олимпиадасында 7 «ә» сынып оқушысы Болатова Шырын ІІІ орын, Таулы Үлбі демалыс лагерінде өткен олимпиадада физика пәнінен 9 «а» сынып оқушысы Нұрланғазықызы Бағнұр І орынға ие болды.

Облыстық «Жарқын болашақ» және «Ақберен» олимпиадаларында Садырбекқызы Диана ІІ орын, Советқызы Талшын ІІ орын, Төлепбекова Еңлік ІІ орын, Облыстық «Ең үздік» сабақ конкурсында қазақ тілі мұғалімі Исайн Мейрамгүл І орын, облыстық І «Кәмен оқуларында» әр бөлім бойынша 9-сынып оқушысы Оралханова Жанел «Бас жүлде» және І орынға ие болып, бағалы сыйлықпен марапатталды.

Ментальды арифметикадан өткен облыстық олимпиадада 6-сынып оқушылары Қайсаханова Әмина, Серғалиева Аяулым, Серікбаева Толғанай жүлделі І орындарға ие болып, республикалық кезеңінде Қайсаханова Әмина, Серғалиева Аяулым білімділіктерінің нәтижесінде І орындарды иеленіп, ұстаздарын алғысқа бөледі. 

«IQanat» олимпиадасының республикалық кезеңінде 9-сынып оқушысы Жабасова Айнара математика пәнінен ІІІ орын , «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының бастамасымен «Ардақты ұстазым» атты Республикалық эссе жазу сайысында Назира Бердалы авторлық мектебі ұйымдастырған «Бұл – менің жүрегім» атты республикалық байқауында «Ал, мен сенің кішкентай бөлшегіңмін» бағыты бойынша 11-сынып оқушысы Алтынбекқызы Іңкәр І орын, Халықаралық «Bebras» ойынында 5-сынып оқушысы Түгелжан Бекжан ІІІ орын, 6-сынып оқушылары Оралханов Бағнұр, Болатов Әлимұхамеднұр ІІІ орын, 7-сынып оқушылары Құралбекова Айым ІІІ орын, Семиятов Дархан ІІ орын, 10-сынып оқушысы Рысбеков Бекарыс ІІ орын иеленді.

Халықаралық М.В.Ломоносов атындағы ХХ турнирінде Қайсаханова Әмина, Нұрланғазықызы Бағнұр, Берікболова Ақбота, Тұрғанбаева Диана,Жабасова Айнара,Тұрсынғазина Тоғжан «Мақтау қағазымен» марапатталса, Жабасова Нұрай, Ережепбаева Айым ІІІ дәрежелі лауреаттары атанды.

Республикалық «Жұлдызды қолтаңба» байқауында «эссе номинациясы» бойынша 9-сынып оқушылары Жұманбаева Айғаным І лауреат, Санақбекова Лағыл, Боранбаева Дана ІІІ лауреат, «Көркемсөз» номинациясы бойынша Әділғазина Қарлығаш І лауреат, Асқарқызы Жазира, Серікбаева Ұлжан, Манатаева Дильназ, Тілеубекова Жаннұр, Тілеубек Жәнібек «Дипломант»атанды.

Қазақтың тұңғыш балеринасы Н.Е.Тапалованың жүлдесіне арналған «Би шашу» республикалық би байқауында 7 «Ә» сынып оқушыларынан құралған «Ерке-наз» би тобы І орын, «Ертегілер еліне саяхат» атты республикалық байқауда сурет салу номинациясы бойынша 4-сынып оқушысы Автор Жантөре І орын алды.

Облыстық пәндік олимпиадада тарих пәнінен 11-сынып оқушысы Уәлибекова Перизат ІІІ орын, Облыстық бастауыш сыныптар арасында өткен олимпиадада 4-сынып оқушылары Кәкімов Нұрбақ орыс тілі пәнінен ІІІ орын, Ілиясов Амирхан дүниетану пәнінен ІІ орын иеленді.

С.Аманжолов атындағы ШҚО мемлекеттік университеті «Болашақ филолог» атты сайыста 10 «Ә»-сынып оқушысы Рымбекова Аружан «Сөз өнерінің майталманы» номинациясымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушылар арасында өткен облыстық «Туған жердің табиғаты» бейнежазба конкурсында 11-сынып оқушысы Қожағұл Қуаныш ІІІ орын; 9-11 сынып оқушылары арасында жастардың тарихи сауаттылықтарын ашуға бағытталған облыстық «Парасат» зияткерлік сайысында «Тарих тарландары» командасы ІІ орын иеленді.

Қ.Бітібаева атындағы облыстық олимпиадада 9-сынып оқушысы Санақбекова Лағыл, 11-сынып оқушысы Алтынбекқызы Іңкар ІІІ орын, Жалпы білім беретін әндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде экономика секциясы бойынша 8 «А» сынып оқушысы Тұрғанбаева Диана, әдебиет секциясы бойынша 10 «А» сынып оқушысы Оралханова Жанел ІІІ орын; Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңінде әдебиет секциясы бойынша 10 «А» сынып оқушысы Оралханова Жанел «Алғыс хат», облыстық «SKILLS FOR GEEKS» (ІТ) чемпионатында 5-сынып оқушысы Түгелжан Бекжан, 7 «А» сынып оқушысы Семиятов Дархан ІІІ орын иеленді.

Республикалық «Яссауитану» білім байқауының облыстық кезеңінде 9-сынып оқушысы Жолдыбаева Аружан, 10 «Ә» сынып оқушысы Қайсаханова Мадина ІІІ орын, республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңінде «Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Тоқтарбеков Бекзат «Бас жүлде», республикалық «Мағжан оқулары» байқауының облыстық кезеңінде «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша 5-сынып оқушысы Ережепбаева Айым ІІ орын, облыстық ІІ «Кәмен оқуларында» 8-сынып оқушысы Оңғарова Зере ІІІ орын, Маратов Нұрхан ІІІ орын иеленді.

«Шығыс жұлдызшалары» облыстық ғылыми жоба байқауында МАД тобының оқушысы Шыңғысбек Дильназ І орын, жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінде 8-сынып оқушысы Оңғарова Зере химия пәнінен ІІІ орын; республикалық «Білген Бәйге», «Білген Аламан» олимпиадасында 4-сынып оқушысы Кәкімов Нұрбақ ІІ орын, 9-сынып оқушысы Жабасова Айнара І орын иеленді.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да өткен «Ақылды AWARDS-2019» байқауға 11-сынып оқушылары Назымқызы Нұрай, Алтынбекқызы Іңкәр қатысып, грант иегерлері атанды.

ХХ Республикалық «Абай оқуларында» «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Тоқтарбеков Бекзат ІІ орын, MANGILIK EL JASTARY» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған І республикалы «Үш бәйтерек» байқауында 9-сынып оқушысы Оңғарова Зере «Үлкен топ» бойынша ІІІ орын, республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде «Тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясы бойынша 3-сынып оқушысы Қанатұлы Бейбарыс ІІ орын, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде «Өлкетану» секциясы бойынша 11 «А» сынып оқушысы Болатова Шырын, «Этномәдениеттану» секциясы бойынша 8 «Ә» сынып оқушысы Әлемқызы Әмина ІІІ орын иеленді.


2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде орыс тілі пәнінен 11-сынып оқушысы Әнуарова Ақбата ІІІ орын, Адам.Қоғам.Құқық пәнінен 11-сынып оқушысы Сартова Ажар ІІІ орын, Қазақстан тарихы   пәнінен 11-сынып оқушысы Дүйсенғалиев Ерсұлтан ІІІ орын; ШҚО ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсында үш кезеңнің қорытындысы бойынша Абай ауданының атынан Қарауыл гимназиясының командасы қатысып І орын алды.

«Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсында «Ұлы Даланың жеті қыры» - диалогтік алаңындағы капитандар сайысында 11-сынып оқушысы Дүйсенғалиев Ерсұлтан ІІІ орын иеленді.

9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен ІІ республикалық Абай олимпиадасының облыстық кезеңінде 11-сынып оқушысы Оралханова Жанел І орын, 9-сынып оқушысы Мұратова Сағыныш ІІІ орынды иеленіп, республикалық кезеңінде 11-сынып оқушысы Оралханова Жанел ІІ орын алды.

Халықаралық М.В.Ломоносов атындағы ХХІ турнирдің математика пәнінен ІІІ дәрежелі лауреаты атанғандар: 8-сынып оқушысы Серікбаева Толғанай, Болатова Шырын, Дүйсенбекова Айбүбі, Кәкімова Алтынай.

А.Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған 10-11 сынып оқушылары арасында «Абай қазақ поэзиясының биік шыңы» атты облыстық шығармалар байқауында 11-сынып  оқушысы Рымбекова Аружан, Қайсаханова Мадина ІІІ орын; Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті ұйымдастырған орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 10-сынып оқушысы Жұманбаева Айғаным ІІ орын, 11-сынып оқушысы Әнуарова Ақбата «Алғыс хат», ағылшын тілі пәнінен 10-сынып оқушысы Санақбекова Лағыл, 11-сынып оқушысы Тұрысбекова Аймара «Алғыс хат», қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10-сынып оқушысы Абайханқызы Аяжан ІІІ орын, А.Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған аймақтық «Абай оқулары» байқауында 11-сынып оқушысы Оралханова Жанел ІІІ орын, Кәкімова Жұлдызай «Алғыс хат», «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Қазақстан балалары шексіз әлемде» атты балалар киносының облыстық фестивалінде 11-сынып оқушысы Іскежанов Арман ІІ орын иеленді.

«Алтын жабағы» халықаралық конкурсында 5-сынып оқушылары Автор Жантөре , Оралханова Диана ІІІ орын, 9-сынып оқушылары Кәкімова Алтынай, Дүйсенбекова Айбүбі, Болатова Шырын, Мұратова Сағыныш, Санақбек Мағжан І орын, Садықнәбиев Бақытжан ІІ орын, А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған интерактивті диктантқа 19 оқушы қатысып, оның 13 оқушысы жүлдегер атанды.

Республикалық IQanat олимпиадасында «Эссе» номинациясы бойынша Әлемқызы Фатима, математика пәнінен Ерғалиев Мирас 100 үздіктердің қатарына ілікті; 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының аудандық кезеңінде 7-сынып оқушысы Ерболқызы Зарина ІІ орын, 2-сынып   оқушысы Шыңғысбек Дильназ І орын, 4-сынып оқушылары Оразалина Әсем І орын, Мәлгаждар Ескендір ІІ орын иеленді.

ХХІ Республикалық «Абай оқуларында» «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинацияс бойынша 9-сынып оқушысы Әлемқызы Әмина ІІІ орын, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Серғалиева Аяулым ІІІ орын, жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткен ІІІ республикалық Абайтану олимпиадасында 9-сынып оқушылары Серғалиева Аяулым ІІІ орын, Әлемқызы Әмина «Алғыс хатпен» марапатталды.

2020-2021 оқу жылына жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде 8-сынып оқушысы Айдынұлы Досжан І орын, 9-сынып оқушысы Айдарқызы Ақзере І орын иеленді.

1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінде 2-сынып оқушысы Шыңғысбек Дильназ ІІ орын иеленді.

5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 6-сынып оқушысы Серікболұлы Сырым қазақ тілі пәнінен ІІ орын иеленді. І Республикалық «Абай әлемі және рухани мұрасы» қашықтық олимпиадасында 6-сынып оқушысы Оралханова Диана І орын иеленді.

Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткен ІІІ республикалық Абайтану олимпиадасында 9-сынып оқушылары Серғалиева Аяулым ІІІ орын, Әлемқызы Әмина «Алғыс хатпен» марапатталды.

2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Қазақстан тарихы пәнінен 10-сынып оқушысы Дүйсенбекова Айбүбі ІІІ орын, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 11-сынып оқушысы Жұманбаева Айғаным ІІІ орын.

6-8 сынып оқушыларына арналған «Оқы және жеңіске жет» облыстық байқауында 7-сынып оқушылары Қайсаханова Ажар, Қасымова Жанар «Бас жүлде», Назымқызы Айзада, Серікқазиева Жансая І орын, 6-сынып оқушылары Оралханова Диана І орын, 8-сынып оқушысы Қуанышбекова Жаннұр ІІ орын.

«Ұшқыр ой алаңы» республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінде «Ділмар» тобы (10-сынып оқушылары Болатова Шырын, Дүйсенбекова Айбүбі) ІІІ орын иеленді. «Жыр алыбы - Жамбыл» жас ақындар айтысының облыстық кезеңінде «Жас айтыскер ақын»  номинациясымен «Ақсұңқар» ақындар сыныбының оқушысы Байбуринова Тоғжан марапатталды.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен өткен ШҚО мектептерінің түлектері арасында өткен «Халықаралық қатынастар» бойынша «Тәуелсіз Қазақстан: әлемдік аренада 30 жыл» атты облыстық олимпиадада 11-сынып оқушылары Санақбекова Лағыл мен Мейрамбекова Алуа қатысып, сертификат иеленді. Жетекшісі Сәрсекова Жадыраға «Алғыс  ат» берілді. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен қала және облыс мектептерінің оқушылары арасында химия пәнінен юниорлар олимпиадасында 10 «А» сынып оқушысы Оңғарова Зере І иеленді.

Л.Н. Гумилев университеті ұйымдастырған «Тәуелсіздік – киелі ұғым» атты республикалық мектеп оқушылары арасындағы ғылыми эссе байқауына 10-сынып оқушысы Оңғарова Зере қатысып, І орын иеленді.

«Ясауитану» білім байқауының облыстық кезеңінде 7-сынып оқушысы Қасымова Жанар ІІІ орын иеленді. Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңінде «Сыр сандық» драма үйірмесі ІІ орын иеленді.

«Әсемпаз болма әрнеге» атты мектеп оқушылары арасында республикалық мәнерлеп оқу байқауына 9 «Ә» сынып оқушылары Серғалиева Аяулым, Қайсаханова Әмина ІІ орын, 6-сынып оқушылары Арқаш Жігер, Оралханова Диана ІІІ иеленді.

Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында ХХІІІ республикалық Абай оқуларында 9-сынып оқушысы Қ.Шалқарқызы ІІІ орын иеленді.

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі бойынша 11-сынып оқушылары Кәкімова Алтынай мен Әлемқызы Фатима ІІІ орын иеленді.

1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінде 6-сынып оқушысы Асқаров Диас ІІ орын иеленді.

6-8 сынып оқушыларына арналған ІІ облыстық «Оқы және жеңіске жет» конкурсында 8-сынып оқушысы Қайсаханова Ажар ІІІ орын иеленді.

8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар  конкурсының облыстық кезеңінде 8-сынып оқушысы Қайсаханова Ажар ІІІ орын, 9-сынып оқушысы Тұрғазина Құндыз ІІІ орын, 8-сынып оқушысы Әнуарбекова Гүлназ ІІ орын иеленді.

«Құрмет» орденінің иегері Қ.О.Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 9- сынып оқушысы Тұрғазина Құндыз І орын, 11-сынып оқушысы Жабасова Нұрай ІІІ орын, республикалық кезеңінде 9- сынып оқушысы Тұрғазина Құндыз ІІІ орын иеленді.

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі бойынша 11-сынып оқушылары Кәкімова Алтынай мен Әлемқызы Фатима ІІІ орын иеленді.

8-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша «IQanat» олимпиадасының бірінші кезеңінде Түгелжанов Бекжан, Серікбосынов Дамир жеңімпаз атанса, ІІ кезеңнің қорытындысы бойынша Түгелжанов Бекжан жеңімпаз атанды.

Республикалық «Оқуға құштар мектеп –оқуға құштар ұлт» жобасы аясында 6-8 сынып оқушыларына арналған ІІ облыстық «Оқы және жеңіске жет» конкурсында 8-сынып оқушысы Қайсаханова Ажар ІІІ орын иеленді.

«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасында 11-сынып оқушысы Оразов Тәттімбет ІІІ орын иеленді.

9-11 сынып оқушыларына арналған химия және биология пәндерінен Жакула Күшікұлы атындағы олимпиадада химия пәнінен 10-сынып оқушысы Бейбітқызы Айым ІІІ  орын иеленіп, 30000 теңге сертификатымен марапатталды.

Қазақ тілі мен әдебиетінен IV «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңінде 9-сынып  оқушысы Тұрғазина Құндыз ІІІ орын.

7-8 сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінде 8-сынып оқушылары Назымқызы Айзада физика пәні бойынша ІІІ орын, Түгелжанов Бекжан математика пәні бойынша ІІІ орын, Қайсаханова Ажар химия пәні бойынша ІІІ орын, 7-сынып оқушысы Мұратов Нұртілек математика пәні бойынша ІІІ орын иеленді.

«Үздік оқырман отбасы» облыстық байқауында 6-сынып оқушысы Оразалин Нұрсұлтан І орын иеленді.