2023-2024 оқу жылындағы оқушылардың жетістіктері
2023-2024 оқу жылындағы оқушылардың жетістіктері
Гимназияда дарынды балалармен жұмыстарды жүргізуде оқушылардың «Зерде» ғылыми қоғамы жұмыс жасайды.Онда шығармашылық жұмысқа бейім, қабілетті оқушылар топтастырылған.Қоғам жетекшісі бейінді оқыту жөніндегі директордың орынбасары Оразова А.Г.
Әр оқу жылының басында дарынды оқушыларға арналған «Зерде» мектепішілік ұйымының жұмыс жоспары құрылып, дарынды балалар тізімі жасалынып отырады.Ұйымның мақсаты: «Ғылыми-зерттеу қызметіне бейім оқушыларды анықтау, қолдау көрсету; оқушы бойында табиғат пен қоғамды зерттеуге деген қызығушылықты қалыптастыру және зерттеу әдістерін меңгеруді үйрету».
Міндеттері:
- Оқушыларды ерте жастан ғылыми ізденіс жұмыстарына бейімдеу.
- Оқушылардың шығармашылық белсенділігін, табандылығын қалыптастыру.
- Өз еркімен қалаған ғылым саласы бойынша мамандықты дұрыс таңдауға, алған білімін тиімд пайдалануға жетелеу.
Оқушылар жетістіктері
«Зерде» оқушылар қоғамы «Дарын» орталығымен үнемі тығыз байланыста жұмыс жасайды. Осыған орай республикалық,облыстық,аудандық онлайн сайыстарға гимназия оқушылары белсенді қатысты.Атап айтқанда, «Айналайын» ,«Самұрық», «Асыл тас»,«Сәйгүлік», «Малахит», «Мың бала», «Тұлпар», «Кенгуру-математика барлығы үшін». Оқу жылында ғылыми жобалар жазатын балалар, олардың жетекшілері анықталып, тапсырыс белгіленген үлгі және уақытта тапсырылған.
Дарынды балалардың қабілетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады: сабақтар, оқулар, олимпиадалар, интеллектуалдық сайыстар, дебат, ғылыми-жоба конкурстары, ғылыми-практикалық конференциялар (зерттеу жұмысы, рефераттар, жоба қорғау)
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Қарауыл гимназиясында төмендегідей бағыттарды қамтитын дарынды оқушылармен жұмыс жүргізіліп келеді:
- «Зерде» ғылыми қоғамы (ОҒҚ) (оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары);
- «Ақсұңқар» ақындық сыныбы (оқушылардың ақындық, суырып-салма сөз саптау, шығармашылық қабілетін тану, дамыту);
- «Әсем әуен» эстрадалық-вокал үйірмесі (оқушылардың музыкалық, әншілік, актерлық қабілеттерін анықтау, дамыту);
- Жас ұстаздармен жұмыс (еңбек өтілі 1-3 жылға дейінгі жас ұстаздарға көмек)
- Интеллектуалдық-зияткерлік бағыт (оқушылар арасында зияткерлік, танымдық, интеллектуалдық сайыстар ұйымдастыру, қашықтық олимпиадаларға қатысу)
Оқу жылы | Аудандық кезеңге қатысқан оқушы саны | Жүлделі орынға ие болғаны | Облыстық кезеңге қатысқан оқушы саны | Жүлделі орынға ие болғаны | Республикалық кезеңге қатысқан оқушы саны | Жүлделі орынға ие болғаны |
2023-2024 | 7 |
Оқу жылы | Аудандық кезеңге қатысқан оқушы саны | Жүлделі орынға ие болғаны | Облыстық кезеңге қатысқан оқушы саны | Жүлделі орынға ие болғаны |
2023-2024 | 7 | 6 | 5 |
2023-2024 оқу жылында оқулар, түрлі интеллектуалды сайыстарға қатысқан оқушылар






