2022-2023 оқу жылындағы үйірме жоспары » "Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Абай ауданы білім бөлімінің
"Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 9-17-45
Ұялы телефон:
+7 (705) 508-73-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
октябрь
2023

2022-2023 оқу жылындағы үйірме жоспары


Түсінік хат

Халқымыздың жалпы және музыкалық мәдениетінің денгейін жоғары сатыға көтерудің және балалардың көркемдік, эстетикалық көз қарасы мен талғамын дамытудың бірден-бір тиімді жолы ән өнері болып табылады. Өйткені ол өнердің басқа түрлеріне қарағанда барлық адамдардың қолдары жете алатын ең демократиялық өнер. Сондықтан, ән айту, мектептегі музыкалық тәрбие беру жұмыстарының ажырамас бөлігі әрі негізгі болып саналады. «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денен», - деп ұлы Абай айтқандай ана әлдиімен сіңген бесік жыры, халық әндерінің асыл үлгілері әрбір жас ұрпақ үшін тәлім-тәрбиенің қайнар көзі. Бұл бағдарламада  балалардың  әнді орындау барысында дауыс аппараттарын дұрыс жетілдіру,дауысын дамыту мен диапазонын кеңейту жұмыстарын көздеп отыр. Әнді үйрену барысында балалардың өз пікір-ойларын ортаға салуға, рухани ой-өрісін дамытуға, шығармашылыққа баулу болып табылады.

Үйірменің мақсаты :                             

-балалардың әнге   өнерге деген қызығушылықтарың арттыру,

-ән айту дағдыларын   қалыптастыру,

-эстетикалық талғамдарын дамыту,

-әншілік және музыкалық мәдениетін көтеру.

Үйірменің міндеттері:

  • ән үйрету арқылы балаларды сұлулыққа,әсемдікке деген сезімін дамыту,
  • өз Отанына деген сүйіспеншілігін түғызу.Өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу,
  • өз халқының салт-дәстүріне,әдет-ғұрпына құрметпен қарауға тәрбиелеу
  • дауысты дұрыс қою,
  • ән-хор үнділігінің элементтері мен ән айту дағдыларын үйрету,
  •  ән айту барысында сөздерін аңық және эмоциямен орындауға,мазмұнына байланысты сезіне айтуға үйрету,
  •  әнді айтқанда бір-бірін тыңдауға,ырғақ,екпін,динамиканы сақтауға үйрету. 

Үйірменің ерекшелігі:

Музыкалық тәрбие бере отыра, дұрыс ән айту дағдыларын қалыптастыру үшін алдыға мынадай міндеттер қойылада

Ән айту дағдыларын қалыптастыру

Ән айту күрделі процесс. Ол тыныс мұшелерінің, тамақ пен резонаторлардың бір-бірімен тығыз байланыса дұрыс жұмыс жасауының нәтижесінде жүзеге асады. Сондықтан вокалды-хор техникасының қай элементтері болмасын дауыс аппаратының дұрыс жұмыс жасауына байланысты.

Ән айтқанда әншілер белгілі бір әндік қалыпты сақтап, отырып немесе тұрып айтады. Бұл кезде денені тік, ширақ, бірақ сірестірмей еркін ұстағандары жөн. Ал бас еңкеймеуі, шалқаймауы, бір жағына қисаймауы тиіс, өткені мұның бәрі дыбыстың сапасына кері әсер етеді. Отырып айтқанда аяқты айқастыру-демнің бір қалыпты шығуына кедергі жасайды. Иек пен жақтың бұлшық еттері бос,еркін қимылдағандары дұрыс.

Дұрыс дем алу дағдылары

Әндік демді дұрыс алудың және үнемдеп шығарудың маңызы өте зор. Тынысты иықты көтермей байсалды алу керек. Көбнесе ән айтқанда тыныстың аралас типі (кеуде-іш) қолданады. Ән айтқандағы тыныс сөйлеу кезендегі тынысқа қарағанда терендеу (мысылы гүл иіскегендегідей) болады. Ішке тарататын ауаның көлемі орындалатын әннің жылдамдығы мен сипатына байланысты. Дегенмен кеудені шектен тыс толтырып,ауырлатып жіберу дабыстың тазалығына, дауыс шымылдығының икемді жұмыс жасауына және даустың оралымдылығына кесірін тигізеді. Сондай-ақ алдыңғы дем бітпей тұрып жаңа тыныс алуға және алдыңғы фразадан артылып қалған демді пайдалануға болмайды.

Жалпы айтқанда ән айту өнері тынысты дұрыс үйымдастыру өнері деп саналады.

Aртикуляция дағдылары

Дауысты және дауысыз дыбыстарды айтқан кезде көмекейдің пішіні тұрақты, бір қалыпты болуы, сондай-ақ барлық әншілердің артикуляциялық аппараттарының жұмысы біркелкі болуы шарт. Өйтпеген жағдайда олардың дауыстары үйлесіп шықпайды.

Дикция мен жұмыс дағдылары.

Дикцияны дұрыс қолдану   өте манызды. Дауысты дыбыстардың жасалу орны мен айтылу ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болып келді:

  1. Ең алдымен диапазонның ортаңғы бөлігімен (прималық аймақтарымен) жұмыс жасап дыбыстың сапасын жақсартып алып, содан соң оны жоғарғы және төменгі бөліктеріне де тарату керек. 
  2. Жоғарғы дыбыстарды дұрыс айту үшін өткел дыбыстарды көбірек «жабу» керек.
  3. Дауыстылармен жұмыс жасағанда олардың өз ерекшіліктерін (ашық,жабық, орташа) есепке алып отыру керек.
  4.   Диапазонның ортаңғы бөлігін тым тығыз, қою үнмен айту жоғарғы дыбыстарды жабыңқырап айтуды қинадатады.
  5.   Жоғарғы регистырдың дыбысын айқайламай жұмсақ атакамен әндете айтқан дұрыс.
  6.  Дыбыстарды шеңберлей жабыңқы үнмен айту үшін міндетті түрде дыбыстың демге тиянақтанып, резонатырлардың жұмысына негізделіп барып тембірге бай (вибратормен) шығуын қадағалау керек.
  7.  Лирикалық типтегі дауыстар жабыңкырап айтқан кезде де драмалық типтегі дауыстарға қарағанда әрқашан жарқын естіледі.
  8.  Ең биік дыбыстар жабыңқырамай ашық айтылады.

Дыбыс жүргізудің түрлері:

Легато - дыбыс жүргізудің ең басты түрі. Бұл дыбыстарды үзбей, бір-бірімен байланыстырып, жалғастырып айту әдісі. Ол терең сезіммен, кен тыныспен әндете орындалатын шығармада қолданылады. Дауысты дыбыстар аяғына дейін созылып, дауыссыздар өте қысқа, тез айтылады. Дауысты дыбыстарды қолдана отыра балалар легато жасауға тырысады.

Нон легато - әрбір нота жеке - жеке дараланып, бір - бірімен байланыстырылмай орындалады, бірақ тыныс өзгермейді. Түрлі жаттығулар жасау арқылы нон легатоны орындауға түсінік беру және оны қолдануға  үйрету.

Стаккато-орындауы жеңіл, ойнақы, әзіл және би музыкасына тән. Дыбыстар бір-бірінен өте қысқа үзілістер арқылы бөлініп айтылады. Дем жаңарту тек фраза аралықтарында ғана болады. Стаккато айтқан кезде дауыс күші қатты емес, бірақ өте серпінді, шымыр әрі жеңіл жарқын шығуы тиіс. Дұрыс тыныс алып қысқа фразалармен түрлі жаттығулар жасау.

Дауыстын ептілігін дамыту 

Дауыстың ептілігін дамыту мен кантилена орындау бір процестің екі тармағы болып саналады. Өйткені дауыстың орындаушылық шеберлігі мен техникасын жетілдіру бағытындағы жұмыстар дыбыстық кантиленаның сапасын да жоғарлатады. Сол үшін дұрыс репертуар қолдану арқылы дауыстарын шындау.

Ансамбілді сезіну дағдылары:

Ансамбіль - француз сөзі - бірге, біркелкі деген мағынаны береді, сол себептен шығарманы  орыңдағанда  бір-бірін   тыңдауға, ерекшеленбеуге, жылдамдық, динамиканы сақтауға үйрету.  Жақсы орындалған ансамбіль көркем образды жоғары дәрежеде бейнелеуге жол ашады.

Сахналық мәдениетін қалыптастыру:

Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай репертуар таңдау, аспапен түрлі жаттығулар жасау арқылы әннің әуенін таза айтуға үйрету, сахнада фонаграмма қолдануға, өз-өзін дұрыс, әдемі ұстауға баулу. Ән айтқанда би қимылдары қолдану, актерлік шеберліктерін ашу.

Жұмыс түрі: 

Негізгі жұмыс түрлері: жекеше, топпен, теориалық және практикалық сабақ, ойын, әнгіме, сахнаға шығу, түрлі іс-шараларға қатысу.

Күтілетін нәтиже : 

  • өнерге деген қызығушылықтарының пайда болуы,
  •  музыкалық сауаттылығы
  •  өз-өзін сахнада ұстай білуі, би қимылдарын қолдану,
  •  әнді дұрыс, таза, әдемі орындауы, бірге бастап бірге аяқтау сөздерін анық айту,
  •  жеке және топпен, фонаграмма мен аспаптардың сүйемелдеумен орындауға, 
  •  екпіні, ырғағы, жылдамдығы күрделі шығармаларды орындау,
  • аккопелла орындауды білу,
  •  түрлі қалалық, мектепшілік іс-шараларға қатысу,

 бағалау өлшемін айтсақ, ол дыбыстың таза және сапалы орындалуы, кез келген жерде үйренген әндерін айта алуы, концертерге қатысуы


Келісемін: _______                                      Бекітемін:  ______                                              

Қосымша білім беру                                   «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ                  

педагогы: А. Байбуринова                           директоры: Қ.А. Жарасбаев                              

«___»  _______                                              «___»  _______                                                                                  



«Әсем әуен» эстрадалық – вокал үйірмесінің

2022-2023 оқу жылындағы жылдық жоспары



Р/с

Атауы

Мерзімі

1

Уйірмеге оқушыларды тарту, ұйымдастыру шаралары

 Мектепішілік ,  ұстаздар мерекесі

қыркүйек

2

ЖББ Қарауыл гимназиясы КММ  - нің 30 жылдық мерейтойына  арналған концертке әндер дайындау 

қазан

3

Мектепішілік «Алтын күз»  мерекесі

қазан

4

Ғасыр әншісі - Роза Бағланова танымдық тәрбие сағаты  

қараша

5

ЖББ Қарауыл гимназиясы КММ  - нің 30 жылдық мерейтойына  арналған концерт

желтоқсан

6

Мектепішілік, аудандық жаңа жыл мерекесі

желтоқсан

7

Мектепішілік Абай оқулары     (әндерінен  сайыс)

ақпан

8

Аудандық Айнұр Мұқышев атындағы патриоттық әндер конкурсына 

ақпан

9

Мектепішілік аналар мерекесі 

наурыз

10

Мектепішілік наурыз мерекесі

наурыз

11

Аудандық Шәкір оқулары 

сәуір

12

Аймақтық, аудандық Абай оқулары

сәуір

13

Жылдық есеп беру концерті 

мамыр






Келісемін: _______                                       Бекітемін:  ______                                              

Қосымша білім беру                                   «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ                  

педагогы: А. Байбуринова                           директоры: Қ.А. Жарасбаев                              

«___»  _______                                               «___»  _______                                                                                  




«Әсем әуен» эстрадалық вокал  үйірмесінің

2022-2023 оқу жылындағы сабақ кестесі



Бірінші ауысым


Р/с

Сабақ өтетін күндер

Тобы

Уақыты

Сабақ беретін мұғалім

1

Дүйсенбі 

Кіші топ

08:50- 09:35

Ибрайханова М.М

2

Сейсенбі

Орта топ

08:50- 09:35

Ибрайханова М.М

3

Сәрсенбі

Кіші топ

08:50- 09:35

Ибрайханова М.М

4

Бейсенбі

Орта топ

08:50- 09:35

Ибрайханова М.М



Екінші ауысым


Р/с

Сабақ өтетін күндер

Тобы

Уақыты

Сабақ беретін мұғалім

1

Дүйсенбі 

Кіші топ

15:00-15:45

Ибрайханова М.М

2

Сейсенбі

Орта топ

15:00-15:45

Ибрайханова М.М

3

Сәрсенбі

Кіші топ

15:00-15:45

Ибрайханова М.М

4

Бейсенбі

Орта топ

15:00-15:45

Ибрайханова М.М



Кіші топ


Р/с

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

1

Айдын Әзім 

2

Аманғазы Ерұлан 

3

Мұрат Аяла

4

Ерболқызы Айару

2

5

Рымбекқызы Ұлдана 

2

6

Елужан Айзере

2

7

Тұрғазы Айя

2

8

Елужан Ақнұр

9

Нысанбек Әдемі 

10

Талғатқызы Күмісжан

4

11

Сиязов Ерсұлтан

4


Орта топ


12

Оразалина Әсем

6

13

Тоқанов Мейір

8

14

Амангелдіқызы Нұрай

9

15

Миратұлы Мейрам

9