2021-2022 оқу жылы » "Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Абай ауданы білім бөлімінің
"Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 9-17-45
Ұялы телефон:
+7 (705) 508-73-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
октябрь
2023

2021-2022 оқу жылы








"Өзін-өзі басқару" ұйымының жылдық есебі

«ЖББ Қарауыл гимназиясы»-де КММ 7-11 сынып оқушыларының бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу мақсатында өзін-өзі басқару органдарының жұмысын жүргізу жоспары құрылып, мектеп директоры Қ.А.Жарасбаев бекітті.

Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы 

   

       10 қыркүйек 2021 Отбасы күніне арналған «Отбасы-орта мектеп» тақырыбында оқушылар өз шығармашылық жұмыстарын ұсынды. 

    Қазан айының 28 жұлдызында сағат 10.00 – 17.00  аралығында 6-11 сынып оқушылары арасында  мектептің президент сайлауы өтті.  Сайлауға үміткерлер:

1.  Рымбекова Балжан 10  «Ә» сынып

2.Құралбек Айым  «10» сынып

3.Қуанышбекова Жаннұр «9» сынып

4.Қасымова Жанар 8 сынып

5.Серікқазиева Жансая 8  сынып

    Сайлауда 122 оқушы дауыс беріп, нәтижесінде 46 дауыспен Құралбек Айым мектеп президентіне сайланды. 

    Сайлау жоғары деңгейде әділ өтті. Сайлаудың әділ өтуін қадағалаған комиссия төрағасы Неспбаев Абзалхан Елемесұлы, комиссия мүшелері: Мәденова Жаннұр Кенжебекқызы, Қабденова Зерделі Артуқызы. 

      Дауыс беру барысында арнайы дайындалған дауыс беру парақтарын бір бала тек бір ғана үміткерді таңдау арқылы сайлау жәшігіне салды.  

https://www.instagram.com/p/CUZEs8roaiW/?utm_=share_sheet

Өзін – өзі тану және бақыт фракциясы мүшелерінің жоспары бойынша сыныптар 19 қазан аналар күніне орай аналарын құттықау. 6 «Ә» сынып оқушылары аналарына телефон соғып «Мен сізді жақсы көремін!»деп айтып  видеоролик жасалды, 7 сынып оқушылары құттқтау қағазын берсе, 8 сынып оқушылары фотосуретпен құттықтады,  10 «А» сынып оқушылары «Сізді жақсы көремін, сен ең керемет жансыз!»  деп сырты жазылған тәтті шоколад беріп аналарын қуантты.

    Ақпан айының  3 жұлдызы сағат 10.00-де «Сүйіспеншілік пен шығармашылық» атты онкүндігінің ашылуы өтті, 5 - 6 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: 

  • өзінің өмірлік позициясын анықтау;
  • әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес сындарлы шешу;
  • өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
  • адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;
  • өзімен өзі үндестікте өмір сүру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
  • жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштік және толеранттық таныту;
  • қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
https://www.instagram.com/tv/CZgDQ1jhhaS/?utm_=copy_link
15 ақпан 2022 жылы  «Кітап оқи білейік» атты  6 – 7 сынып оқушылар арасында кітапханада сайыс өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың кітапханамен байланысын нығайту.



Қамқорлық фракциясы (еріктілік) 

      Волонтерлік іс (лат. тілінен voluntarius — ерікті) – қызметтердің кең ауқымдылығы, ішіне өзара көмектің дәстүрлі пішіндерін және өзіне деген көмектің арттыруы болып келеді. Волонтерлікпен айналасатын адамдарды волонтер деп атайды. Олар ақысыз, ерікті қоғамдық жұмыс атқаратындарға жатады. 



Дебат қозғалысының фракциясы

         Соңғы уақытта елімізде дебат ойындары қарқындау үстінде. Білім министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы. Студенттер арасында ғана қолданылып келген дебат ойыны қазіргі кезде көпшілік қауымды қызықтыруда. 

          Жалпы, дебат – интеллектуалдық ойын. Негізгі мақсаты – тек сөйлеуді үйретіп қана қоймай, бәсекеге қабілетті  жастарды қалыптастыру. Қазіргі күні дебат ойындары: Британдық Парламенттік форматта, Американдық Парламенттік форматта және Линкольн – Дуглас форматында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді. Ойын кезінде қоғамдық-саяси, әлеуметтік, философиялық, білім беру саласындағы әртүрлі тақырыптар қозғалады. Қазіргі кезде дебат клубымызда 7-10 сыныптардан 29 оқушы. 10-сынып оқушылары Құралбек Айым  және Нұрсұлтан аудандық дебат ойындарынан 2-орынға ие болды. 


Дебат қозғалысының фракциясы мүшелерінің атқарған жұмысы.

Тақырыбы:  «Латын графикасына көшу талабы»

Үш спикерден тұратын  Карл Поппер форматында өтті

«Жалын»  тобының спикерлері: Құралбек Айым,    Кеңесбекова Ақбота, Атамбеков Нұрсұлтан.

«Сұңқар» тобының спикерлері: Қайсаханова Амина, Серғалиева Аяулым,  Нұрболатов Мұқағали.

Әділ қазылар алқасы: Тәлімгер Қабденова Зерделі, әлеуметтік педагог Мұратов Әділет және информатика пәні мұғалімі Құсайынов Шыңғыс.

Пікір сайыс барысында қатысушылар жоғары деңгейде ойын көрсетті. Жақсы дайындықтың арқасында «Жалын» тобы жеңіске жетті.



Құқық және тәртіп фракциясы 

      Оқушылардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету,құқықтық тәрбие беру мақсатында бала құқықтары туралы 8-9 сынып оқушыларымен семинар-тренинг өтті. 



      1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай "Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге аудандық жастар ресурстық орталығының директоры арнайы шақырылды. Жиын барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нукешева Лунара Бекеновна сөз бастап Елбасымыздың ерен еңбегі бойынша сөз қозғады. Әрі қарай мектеп Парламенті мүшелері сөз алып өз ойларын ортаға салды. Жиынды директордың оқу ісі  жөніндегі орынбасары қатысушыларға алғыс білдіріп, мектебімізде өтіп жатқан айтулы шараларға тоқтала өтті.



Ақпарат фракциясы 

        Ұстаздар күнін мерекелеу мақсатында мектеп парламенті, өзін-өзі басқару ұйымы 8-11 сыныптар арасында сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижелері бойынша ұстаздар келесі номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда, 

🔸️1. “Ең мейірімді ұстаз”номинациясымен  Түсіпова Гауһар 

🔸️2.  “Ең белсенді ұстаз" номинациясымен Мәденова Жаннұр

🔸️3. “Ең парасатты ұстаз” номинациясымен Қадыров Арнұр

🔸️4.“Ең өнерлі ұстаз” номинациясымен Жапалова Марал

🔸️5. “Ең позитивті ұстаз” номинациясымен Берлешов Ербол

🔸️6. “Ең әдемі ұстаз” номинациясымен Түңлікбаева Айзат

🔸️7. "Ең қамқор ұстаз" номинациясымен Жұманобаева Мадина



                 Жолда жүру ережелері бойынша бастауыш сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді


      «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар ұйымына 2-5 сынып оқушылары қабылданды.


Спорт және салауатты өмір салты фракциясы

    Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектепшілік сыныптар арасында волейболдан сайыс өтіп отырады. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына ораймектепте ұстаздар мен оқушылар арасында волейболдан жарыс өтті. Жарысқа  қатысқан оқушылар командасында спорт фракция мүшелері және басқада фракция мүшелері жақсы қатысып, керемет ойын көрсетті. 

           Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша таңғы жаттығулар жиі ұйымдастырылып тұрады.


Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркемшығармашылық

     «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» мекемесі мен 2 дүркін Қазақстан Барысы, 3 дүркін Әлем Барысы, 4 дүркін Азия және Әлем чемпионы, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы Айбек Нұғымаровпен 5-6 сынып оқушыларымен адалдық сағаты өткізілді (17.09.2021);


ұ           Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Алтын күз» кеші өтті. Өткізілген мерекелік кешке 8 – 10 сынып оқушылары қатысты. Әр сынып өздеріне бөлініп берілген би сайысына жоғары деңгейде дайындықпен келгенін көрсетті.

             Әділ қазылар алқасы: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нүкешова Лунара, Математика пәні мұғалімі Мәденова Жаннұр, дене шынықтыру пәні мұғалімі Алдрахманов Ерасыл, биология пәні мұғалімі Берлешов Ербол. Әділ қазылар алқасының әділ шешімімен Бас   жүлдеге 10 «Ә» сынып оқушылары, І орынға 9 сынып оқушылары, ІІ орынға 8 сынып оқушылары, ІІІ  орынға 10 «А» сынып оқушылары ие болды. 



   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  концерттік бағдарлама өткізілді.

           Мәдениет және өнер фракциясының ұйымдастыруымен    мектептің  5-9 сыныптар арасында  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  көрме өтті.Көрмеде оқушылардың жұмыстары әр түрлі техника орындалған болатын. Айта кетсек: қамшы, садақ, найза, қылыш қол өнерлерін  ұлдар қауымы жасаған болса, қыздар жағы тоқыманың әр түрлі техникаларын көрсетіп қойған, қуыршақтарға киім тігіп, әшекей бұфым салатын ыдыстарды (шкатулка) қолдан жасап безендірген.

              27 желтоқсанда жаңа жыл мерекесіне орай мектебімізге сәндеу жұмыстары жасалды.



           Мәдениет және өнер фракциясының ұйымдастыруымен   1 наурыз  Алғыс айту күніне орай мектеп парламенті мүшелерінің арасында «Алтын жүрек» атты челлендж түсіріп, фракция мүшелері құттықтады. 

  • Қарауыл гимназия мұғалімдерін құттықтап  видео ролик арқылы ізгі тілектерін білдіртті.
  • Алғыс айту күіне орай,  фракция мүшелері ұйымдастыруымен стикер жабыстыру арқылы өз алғыстарын айтты.      

https://www.instagram.com/tv/Caje_aMI1V_/?utm_=copy_link

  • Мектебіміздің жасбүлдіршіндері еліміздің қауіпсіздігін қорғап, тыныштығын күзетіп жүрген аға –апайларына алғыстарын білдіртіп, мерекелерімен құттықтады.

https://www.instagram.com/tv/CaaSrugAUHI/?utm_=copy_link


       Мақсаты: Білім алушыларға «1 наурыз- Алғыс айту күні» мерекесінің мәні туралы түсінік беру және ризашылық пен алғыс ,сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту,әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. 


     10.03.2022 ж  «Қыздар – көктем гүлі»  атты  қыз сыны сайысы өтті. Сайысқа  қатысып, өз бақтарын сынаған аруларымыз:

8 сынып оқушысы Серікқалиева Жансая

9  сынып оқушысы  Шалқарқызы Қарақат

10 «А» сынып оқушысы  Қабиден Ұлпа

10 «Ә»сынып оқушысы  Әлемқызы Әмина

  Өзінің сыпайылылығымен, білмімен, өнерімен, бұрымдылғымен оза ттүскен аруымыз Шалқарқызы Қарақат  Бас жүлдеге ие болды.         https://www.instagram.com/tv/CaaSrugAUHI/?utm_=copy_link

   Мақсаты:
 1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
 2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.

Сайыс 4 кезеңнен тұды.
  • Сәлемдесу
  • Өз өнері
  • Сұрақ -  жауап
  • Мода 


Экология және еңбек фракциясы

«Алтын күз»  көрме

Өту уақыты: 25 – 27   қазан  

Мақсаты: Күзгі табиғаттың байлықтарынан ерекше әсер алып, сол арқылы балалардың эстетикалық сезімдерін ояту.

Аталмыш көрмеге мектеп алды даярлық тобының оқушыларынан және 7 сынып оқушылары белсене қатысып, көз тартатын күзгі көріністі әр түрлі жарық бояуларда жеткізе алды. Оқушылардың бәрі ұшқыр қиял иелері екендігін   көрсетті. Көрме аясында Серікқан Оразмұхаммед, Наркен Нурислам, Боранғазы Бибіназ, Нұрғазы Айсун, Айдынұлы Жандос, Айбекова Айша, Рысқали Аружан, Айтбекқызы Інжу, Дәлелханов Алинур, Толған Абай, Берікұлы Асылжан, Серік Нұралы, Уәтай Айша, Талғатқызы Күмісжан атты оқушылар алғыс хаттармен марапатталды. 


    «Мен жасыл әлемді қолдаймын» мектеп парламенті сенбілік өткізді.



        Экология фракция мүшелері аптасына 2-3 рет мектеп ішіндегі гүлдерді суғарып, тазалап, сүртіп қарап отырады. 

       Мақсаты: Бақша гүлдері мен бөлме гүлдерін ажырата білуге меңгерту. Гүлдерге деген қамқорлық қарым-қатынасын дамыту. Балаларды табиғатқа қамқорлық көрсетуге және аялай білуге тәрбиелеу. 


     «Мектепке жол» акциясы аясында мектепішілік күзгі бақша өнімдерін сату жәрмеңкесіне қатыстық (29.09.2021);